«Ақмола облысы білім басқармасының  туризм, дене шынықтыру, алғашқы әскери және
технологиялық дайындық орталығы»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение «Центр туризма, физической культуры, начальной военной и технологической подготовки  управления образования Акмолинской области»

 


Әлеуметтік желілердегі парақшаларымыз

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«2021 жыл- үздік дене шынықтыру мұғалімі» облыстық байқауының қорытындысы

Байқау білім беру мазмұнын жаңарту бойынша кәсіби және шығармашылық қызметті дамытуға, білім беру процесін ұйымдастыруда жаңа технологияларды қолдауға, дене шынықтыру бойынша педагог қызметкерлердің кәсіби шеберлігін арттыруға бағытталған.

          Байқаудың мақсаты: дене шынықтыру мұғалімдерінің шығармашылық бастамаларын қолдау, кәсіби өсуге ықпал ету, осы кәсіптің мұғалім еңбегінің беделін арттыру.

          Байқаудың міндеттері:

- білім беру сапасын арттыру;

- педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру;

– білім беру процесін ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуді жетілдіру;

- озық педагогикалық тәжірибені анықтау және тарату;

- заманауи инновациялық білім беру технологияларын енгізу және тарату.

          Байқауға Ақмола облысының әр өңірінен 34 дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері қатысты. Қазылар алқасының құрамына Ақмола облысының білім беру ұйымдарының тәжірибелі дене шынықтыру педагогтары мен Орталық әдіскерлері кірді.

          Байқау 5 номинация бойынша өтті.

          «Креативті педагог» номинациясында қатысушылар кәсіби тәжірибенің тұсаукесерін көрсетті, онда үміткер мен оның мұғалім ретіндегі кәсіби қызметі туралы түсінік берілді, мұғалім мамандығын таңдау мотивтері ашылды, білім берудің өзіндік педагогикалық қағидаттары мен тәсілдері, қазіргі әлемдегі педагог миссиясын өзінің түсінуі, кәсіби қызметтің нәтижелері көрсетілді.

          «Заманауи дене шынықтыру сабағы» номинациясында қатысушылар стандартты емес сабақтарды (сабақ-жарыс, сабақ-саяхат, кіріктірілген сабақ және т.б.) көрсетті, сабақтың бөлімі мен тақырыбын конкурсқа қатысушы өз бетінше анықтады.

          «Қашықтықтан оқытудың үздік ҚБП» номинациясында ауызша түсіндірудің сүйемелдеуімен қашықтықтан форматта сабақ конспектісінің бейнепрезентациялары ұсынылды.

          «Үздік спорттық-бұқаралық іс-шара» номинациясында қатысушылар еркін түрде спорттық іс-шараны көрсетті: ауызша түсіндірме, әңгіме сүйемелдеуімен фото, бейнепрезентациялар. Идея, өзектілік, іске асыру мүмкіндігі бағаланды.

          «Өз ісінің шебері» номинациясында педагогтар баскетбол, волейбол, футбол, гимнастика (акробатикалық жаттығулар) бойынша орындау техникасын ауызша түсіндіре отырып, практикалық дағдыларын көрсетті.

«Креативті педагог» номинациясы»:

 1 орын - Қабылда Азамат Қапарұлы, Жақсы ауданы;

2 орын - Лауб Людмила Николаевна, Ақкөл ауданы:

3 орын - алмас Жалын, Целиноград ауданы

 

«Заманауи дене шынықтыру сабағы» номинациясында:

1 орын - Нуркешев Зейнулла Сактаевич, Егіндікөл ауданы;

2 орын - Синенко Вероника Владимировна, Көкшетау қ.;

3 орын - Егемова Жамила Байшигаровна, Степногорск қ.;

 «Қашықтықтан оқытудың үздік ҚБП» номинациясында:

1 орын - Молдаханов Куат Канышевич, Жақсы ауданы;

2 орын - Синенко Вероника Владимировна, Көкшетау қ.;

3 орын - Шевченко Людмила Дмитриевна, Егіндікөл ауданы

«Үздік спорттық-бұқаралық іс-шара» номинациясында:

1 орын - Синенко Вероника Владимировна, Көкшетау қ.;

2 орын -Ескендиров Саян Дюсембаевич, Бурабай ауданы;

3 орын - Комекбай Бауржан, Бұланды ауданы.

 

«Өз ісінің шебері» номинациясында:

1 орын -Бейсембаев Данияр Акбарович, Көкшетау қ.;

2 орын -Лауб Людмила Николаевна, Ақкөл ауданы;

3 орын - Отегенов Жангельды Камалиденович, Жақсы ауданы.

 

 

«2021 жыл- үздік дене шынықтыру мұғалімі»

байқау қорытындысы

 

1 орын - Синенко Вероника Владимировна, Көкшетау қаласы №6 ОМ;

2 орын - Лауб Людмила Николаевна, Ақкөл ауданы;

3 орын- Бейсембаев Данияр Акбарович, Әл-Фараби Атындағы IT-мектеп-лицейі.

          Байқау жеңімпаздары Ақмола облысы білім басқармасының дипломдарымен, жеңімпаздар дипломдармен және ақшалай сертификаттармен марапатталды.

 

 

 

Жаңартылған күні: 13.04.2021 15:15
Құрылған күні: 15.04.2021 12:07

Текст