|
«Ақмола облысы білім басқармасының туризм, дене шынықтыру, алғашқы әскери және технологиялық дайындық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
![]() |
Коммунальное государственное учреждение «Центр туризма, физической культуры, начальной военной и технологической подготовки управления образования Акмолинской области» |
27.11.2025
Ұлы Отан соғысының батыры Әлия Молдағұлованы еске алуға арналған «Намыс» және «Жігер» спартакиадалары бағдарламасы аясында өткен «Мерген Ару–2025» облыстық жарысы өз мәресіне жетті.
Пневматикалық винтовкадан ату бойынша Ақмола облысының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары студенттері мен жалпы білім беретін мектеп оқушылары жоғары деңгейде өнер көрсетіп, үздіктер анықталды.
🔹 ТжКБ студенттері арасындағы жеке есеп:
ВП-1 және ВП-2 жаттығулары бойынша
– үздік нәтиже көрсеткен Серикова Аниша – екі жаттығуда да жүлдегер атанды.
– Сонымен қатар Аққу Асқар, Кристина Гарбузняк, Евдокимова Ангелина, Чернушкина Елизавета өз мергендігін дәлелдеді.
🔹 ТжКБ командалық есеп:
🥇 Жанайдар Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі
🥈 Көкшетау қаласының Жоғары техникалық колледжі
🥉 Астраханка ауылдық агробизнес және сервис колледжі
🔹 Мектеп оқушыларының жеке есебі:
ВП-1 және ВП-2 жаттығуларында
– Тыным Еркенұр екі жаттығуда да жоғары нәтиже көрсетті.
– Серафима Пшеничная, Кристина Сахнова, Ника Савьяненко да үздіктер қатарынан көрінді.
🔹 Мектептер арасындағы командалық есеп:
🥇 Жарқайың ауданы
🥈 Бурабай ауданы
🥉 Целиноград ауданы
Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерді шын жүректен құттықтаймыз! 🏆
Жарысқа қатысқан әрбір қыздың бойынан батыр Әлияның өр рухы мен жігері сезілді.
#МергенАру2025 #Намыс #Жігер #ӘлияМолдағұлова #АқмолаОблысы #Спартакиада #Жеңімпаздар