«Ақмола облысы білім басқармасының туризм, дене шынықтыру, алғашқы әскери және технологиялық дайындық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
![]() |
Коммунальное государственное учреждение «Центр туризма, физической культуры, начальной военной и технологической подготовки управления образования Акмолинской области» |
Олимпиадалық даярлау орталығында жабылу және марапаттау рәсімі өтті. Салтанатты шарада Ақмола облысы білім басқармасының туризм, дене шынықтыру, бастапқы әскери және технологиялық дайындық орталығының басшысы Сагидолда Орынбек Мамиұлы құттықтау сөз сөйлеп, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттады.
Жеке есеп бойынша мектеп оқушылары арасында (2007-2008 және 2009-2010 жылдары туған ұлдар мен қыздар) және колледж студенттері арасында үздік нәтиже көрсеткен спортшылар жеңіс тұғырына көтерілді. Сондай-ақ эстафета мен жалпыкомандалық есепте жүлдегер атанған командалар марапатталды.
Жалпыкомандалық есептің қорытындысы бойынша:
Жалпы білім беретін мектептер арасында:
• 3-орын – Зеренді ауданының командасы;
• 2-орын – Сандықтау ауданының командасы;
• 1-орын – Бурабай ауданының командасы.
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары арасында:
• 3-орын – Щучинск қаласының Жоғары техникалық колледжі;
• 2-орын – Көкшетау қаласының Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжі;
• 1-орын – Щучинск қаласының Жоғары педагогикалық колледжі.
Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз!