«Ақмола облысы білім басқармасының туризм, дене шынықтыру, алғашқы әскери және технологиялық дайындық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
![]() |
Коммунальное государственное учреждение «Центр туризма, физической культуры, начальной военной и технологической подготовки управления образования Акмолинской области» |
«Ақмола облысы білім басқармасының туризм, дене шынықтыру, алғашқы әскери және технологиялық дайындық орталығы» КММ ұйымдастыруымен 2025 жылғы 12-14 ақпан аралығында Сандықтау ауданы Сандықтау ауылының жыл бойғы «Жас дәурен» балалар сауықтыру лагері базасында облыстық экологиялық олимпиадасы өткізілді.
12 ақпан күні облыстық экологиялық олимпиаданың салтанатты ашылуында «Ақмола облысы білім басқармасының туризм, дене шынықтыру, алғашқы әскери және технологиялық дайындық орталығы» КММ басшысы Сагидолда Орынбек Мамиұлы құттықтау сөзін жеткізіп, экологиялық олимпиада қатысушыларына сәттілік тіледі.
Олимпиадаға Ақкөл, Атбасар, Біржан сал, Бұланды, Бурабай, Жарқайың, Зеренді, Сандықтау, Целиноград аудандары және Қосшы, Көкшетау қалаларының жалпы білім беретін мектептерінің 7-10 сынып оқушылары, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері қатысты.
Облыстық экологиялық олимпиада екі тур бойынша өтті. І турда балалар тест тапсырды, ІІ турда әр номинация бойынша зерттеу жобаларын қорғады.
«Жасыл клуб» номинациясы:
Жасыл қала бағыты:
1 орын - Алшинбаева Зарина Бұланды ауданы;
2 орын - Шарафуллина Альфия Зеренді ауданы;
2 орын - Тошай Әділет Қосшы қаласы;
3 орын - Жұмабай Інжу Көкшетау қаласы.
Болашаққа көзқарас бағыты:
1 орын - Уайс Нұргүл Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары педагогикалық колледжі;
2 орын - Луцкевич Михаил Зеренді ауданы;
3 орын - Тойғұлы Сымбат Бұланды ауданы;
3 орын - Есмұхамбетов Шыңғыс Көкшетау қаласы.
Инновациялық экологиялық бизнес-идеялар бағыты:
1 орын - Ткаченко Руслан Атбасар ауданы;
2 орын - Олжабай Жансұлтан Біржан сал ауданы;
3 орын - Әбдіқадыр Дания Көкшетау қаласы;
3 орын - Жағұпар Даниал Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары педагогикалық колледжі.
«Екінші өмір сыйла!» номинациясы:
1 орын - Студеникин Максим Зеренді ауданы;
2 орын - Жанботақызы Жұлдызай Целиноград ауданы;
Рахметова Адина Зеренді ауданы;
3 орын - Әділетханқызы Назым Бұланды ауданы;
3 орын - Захаров Артем, Кабдыхметова Айару Атбасар ауданы.