«Ақмола облысы білім басқармасының туризм, дене шынықтыру, алғашқы әскери және |
Коммунальное государственное учреждение «Центр туризма, физической культуры, начальной военной и технологической подготовки управления образования Акмолинской области» |
2021 жылғы 9 сәуірде Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі, өлкетану және экология орталығы Ақмола облысының әдіскерлерімен, ӘБ басшыларымен және дене шынықтыру мұғалімдерімен онлайн - кеңес өткізді. Күн тәртібінде «бұқаралық спорт түрлерін дамыту», «бұқаралық спорт түрлерін дамытудың өзекті мәселелері» тақырыпта кеңес жүргізілді.
Бұқаралық спорт түрлерін дамыту мәселелері бойынша Сандықтау ауданы Приозерный ОМ дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Жмурко С.В. сөз сөйледі. Светлана Владимировна өзінің педагогикалық тәжірибесі негізінде аудандағы мектептердің аз жинақтылығы мен құрал-саймандардың жетіспеушілігі мәселелерін атап өтті. Бірақ барлық қиындықтарға қарамастан Сандықтау ауданы «Жастар» облыстық спартакиадасында 92% қатысумен 6-шы орынға ие. Баяндаманы Егіндікөл ауданының әдіскер-баяндамашысы Арив Еликжан жағдай туралы өзінің көзқарасын айтып, толықтырды. Білікті педагог кадрлардың жетіспеушілігі тақырыбына тоқталды. Егіндікөл ауданы облыстық «Жастар» спартакиадасының жалпы есебінде 58,3% қатысумен 15-ші орынға ие.
Зеренді білім беру бөлімінің әдіскері Данилов А.В. «жалпы білім беретін мектеп оқушыларының дене белсенділігін жаппай тәрбиелеу үшін қабылданатын шешімдер мен тиімді әдістер» тақырыбында сөз сөйледі. Ол өз баяндамасында және презентациясында балаларды спорттық-бұқаралық жұмысқа тарту бойынша жұмыстың мәнін ашты. Дене шынықтыру мұғалімдеріне қойылған мақсаттар айтылды:
1. Оқушылардың денсаулығын сақтауға және нығайтуға бағытталады;
2. Дене шынықтыру және спорт саласында балаларға қосымша білім беру;
3. Салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыру;
Міндеттері:
1. Тәрбиелік - оқушылардың өз денсаулығына ұқыпты қарауға тәрбиелеу;
2. Оқыту-балаларды салауатты өмір салты нормаларына оқыту;
3. Сауықтыру-оқушылардың денсаулығын нығайту, денені қатайту.
Александр Викторович ауданда өткен жарыстардың мониторингін және облыстық және республикалық іс-шараларға қатысуын келтірді. Айта кетейік, Зеренді ауданы «Жастар» спартакиадасының жалпы есебінде 3 орында тұр. Атбасар ауданының әдіскері Д.Ю. Чарушин аудандағы осы бағыттағы жұмыс туралы айтып, командалық ойын спорт түрлерін көрсетті. Жалпы білім беретін мектеп оқушыларымен қашықтықтан және күндізгі режимде жұмыс көрсетті.
Кеңес қорытындысы бойынша келесі ұсыныстар енгізілді:
- облыстық жарыстардың санын қысқарту;
- облыстық және аудандық жарыстарды өткізу сапасы;
- жарыстарда төрешілік ету.
Барлық ұсыныстар қаралып, назарға алынды.