«Ақмола облысы білім басқармасының туризм, дене шынықтыру, алғашқы әскери және |
Коммунальное государственное учреждение «Центр туризма, физической культуры, начальной военной и технологической подготовки управления образования Акмолинской области» |
«Сақтаймыз және көбейтеміз» атты «жасыл» науқаны
«Ақмола облысы білім басқармасының туризм, дене шынықтыру және алғашқы әскери және технологиялық дайындық орталығы» КММ 2024 жылғы 15 сәуір айынан бастап 15 қазан аралығында Ақмола облысының білім беру ұйымдары арасында «Сақтаймыз және көбейтеміз» «жасыл» науқанын өткізді.
Науқанның мақсаты – жастарды ормандарды сақтау, қалпына келтіру және көбейту, қалалар мен аудандарды көгалдандыру, аумақтарды абаттандыру (көшеттер, гүлзарларды орналастыру, абаттандыру, жылыжайлар) ісіне тарту.
«Сақтаймыз және көбейтеміз» атты «жасыл» науқанына облысымыздың жалпы білім беретін мектептері, мектепке дейінгі білім беру ұйымдары мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары белсенді қатысты.
• «Ең «жасыл» мектеп» номинациясы бойынша:
1 орын – Зеренді ауданы Ақкөл ауылының жалпы білім беретін мектебі;
1 орын – Зеренді ауданы Красный Кордон ауылының жалпы білім беретін мектебі;
2 орын – Бурабай ауданының С.Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектебі;
3 орын – Жақсы ауданы Запорожье ауылының жалпы білім беретін мектебі.
• «Ең «жасыл» балабақша» номинациясы бойынша:
1 орын – Көкшетау қаласының «Еркемай» балабақшасы;
1 орын – Зеренді ауданының «Арайлы» балабақшасы;
2 орын - Жақсы ауданының «Құлыншақ» балабақшасы.
• «Ең «жасыл» колледж» номинациясы бойынша:
1 орын – Көкшетау қаласының жоғары техникалық колледжі;
2 орын - Бурабай ауданы Щучинск қаласының жоғары орман шаруашылығы, экология және туризм колледжі.
Науқан жеңімпаздарына «Ақмола облысы білім басқармасы» ММ дипломдары мен «Ақмола облысы білім басқармасының туризм, дене шынықтыру және алғашқы әскери және технологиялық дайындық орталығы» КММ бағалы сыйлықтары табыс етілді.