«Ақмола облысы білім басқармасының туризм, дене шынықтыру, алғашқы әскери және |
Коммунальное государственное учреждение «Центр туризма, физической культуры, начальной военной и технологической подготовки управления образования Акмолинской области» |
Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі, өлкетану және экология орталығымен 2021 жылдың 19 ақпан күні «Қыс айшықтары» облыстық байқауын сырттай өткізілді.
Байқаудың мақсаты: - оқушыларды табиғатты қорғау қызметіне тарту, экологиялық мәдениетті және табиғи ресурстарға ұқыпты қарауды қалыптастыру;
- қысқы табиғатты бақылау арқылы сұлулық сезімін тәрбиелеу.
Байқауға 233 қатысушы қатысты. Орталық «балабақша-мектеп - колледж-ЖОО» үздіксіз экологиялық білім беру моделін іске асыратындықтан, бұл конкурсқа Ақкөл, Атбасар, Астрахан, Аршалы, Есіл, Жақсы, Зеренді, Қорғалжын, Целиноград, Шортанды аудандары мен Степногорск қаласынан мектепке дейінгі және жалпы білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілері қатысты.
Байқау 2 номинация бойынша өткізілді: «Қыс келбеті» суреттер байқауы мен «Мен- экоблогермін» бейнероликтер байқауы.
Байқаудың қазылар алқасы:
1. Толуспаева Лейла Кенжебаевна, Ақмола облысы ББ Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі, өлкетану және экология орталығы директорының бірінші санатты орынбасары;
2. Бытыралиева Анар Дулатовна, «Өмір жолы» отбасы мен баланы қолдау ақпараттық-үйлестіру ресурстық орталығы директорының орынбасары»;
3. Абсалямова Людмила Юрьевна, «Экспресс-принт» ЖШС дизайнері, Көкшетау қаласы №1 ОМ көркем еңбек мұғалімі;
4. Даиров Сакен Ерболұлы, Ақмола облысы ББ Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі, өлкетану және экология орталығының әдіскері;
5. Өтебаева Жұлдыз Тұрсынбекқызы, облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі, өлкетану және экология орталығының әдіскері.
Табиғаттың әр маусымы сөзсіз ерекше және өзіндік ерекшелігі бар. Әсіресе қыс, ол өзінің кіршіксіз аппақ қарымен, қаһарлы мінезімен, сықырлаған аязымен ерекшеленеді. Бұл мезгілде адамдар табиғаттың құпиясын, ерекше бір ұмытылмас сәттерін тамашалайды. Әркім осы маусымды асыға күтеді. Ал біздің қатысушылар өз жұмыстарында қысқы сұлулықты түсірді.
Суреттер байқауына қатысушылар қысты, сиқырлы, ерекше, таңғажайып, ұмытылмас оқиғаларға толы жұмыстарын ұсынды. Жұмыстар түрлі техникада, бояуларда және түрлі-түсті қарындаштарда орындалды.
«Мен - экоблогермін» байқауында балалар туған өлкенің экологиялық проблемалары, осы бағытта атқарылған жұмыстар және қатысқан іс-шаралар туралы айтып берді.
Степногорск қ. «Арман» балабақшасының тәрбиеленушілері «Тұқым отырғызу» бейнеролигін; «Балауса» балабақшасы – «Мен және менің отбасым» отбасылық клубының экологиялық жобасын ұсынды. Жақсы ауданының жас натуралистер станциясының тәрбиеленушілері өз жұмысында өз ауылының аумағын таза ұстауға, экологиялық акцияларға шығуға, қоқыс тастамауға шақырды. Атбасар ауданының оқушысы Моор Виктория мектепте қоқысты сұрыптау қалай жүріп жатқаны туралы айтып берді. Зеренді ауданының оқушылары Қаракөз Людмила мен Стригина Дарья өздерінің туған ауылы Красный Кордонның 7 кереметі туралы айтып берді. Шортанды ауданының экоблогері Аглаков Никита Шортанды ауылының №1 мектебінде атқарылған экологиялық жұмыстар туралы айтып берді. Ақкөл ауданының блогері Харенко Александра Instagram-да және өз мектебінің сайтында экологиялық жаңалықтарды айтады.
Барлық жұмыстар қызықты, ерекше және өзекті болды. Ал барлық видеоблогерлер жақсы шешендік қабілеттерін, материалды жарыққа шығаруда әртүрлі тәсілдемелерін және өзіндік көркемдік көзқарастарын көрсетті.
«Қыс келбеті» номинациясы бойынша келесі орындар белгіленді:
І. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары арасында:
1 орын - Ерсайынова Айсу, Төлеубай Перизат, Тулеубай Адильхан, Шермұхамбет Арсен Целиноград ауданы Жаңаесіл ауылы жалпы білім беретін орта мектебінің оқушылары; Асхатұлы Ерасыл Степногорск қ. Шаңтөбе к. №6 «Мерей» балабақшасы; Шаяхметова Әлия, Сулейменов Даниэль, Рудиков Сергей, Степногорск қ. №5 « Еркетай» балабақшасы.
2 орын- Жалғасбай Айнұр, Жалғасбай Айзере Аршалы ауданы «Солнышко» балабақшасы; Захан Жалғас, Ерболатқызы Томирис Шортанды ауданы Степной а. жалпы орта білім беретін мектебі; Ерлан Диас, Махмудов Рамис Степногорск қ. №3 «Алпамыс» балабақшасы, Туркбаева Алтынай, Кайрат Адиль.Степногорск қ. №5 « Еркетай» балабақшасы.
3 орын- Әділбек Айару, Толыбай Эльвира Целиноград ауданы Жаңаесіл ауылы жалпы білім беретін орта мектебінің оқушылары; Свинцицкий Артем Шортанды ауданы Андреевка а. жалпы орта білім беретін мектебі.
ІІ. Бастауыш сынып оқушылар арасында (1-4 сыныптар):
1 орын- Дегтеренко Матвей, Дегтеренко Тимофей, Астрахан ауданы Астрахан а. №2 жалпы білім беретін орта мектебінің оқушылары; Толыбай Сезім, Целиноград ауданы Жаңаесіл ауылы жалпы білім беретін орта мектебінің оқушысы.
2 орын- Рысқұлбек Дінмұхамед, Окс Максим Ақкөл ауданы балалар- жасөспірімдер шығармашылық орталығы; Крамаренко Ульяна Есіл ауданы Знаменка а. жалпы білім беретін орта мектебінің оқушысы.
3 орын - Серікбай Арлан Целинорад ауданы Қараөткел ауылы №2 ОМ;
Козейкина Анастасия Целинорад ауданы Қараменді батыр а. жалпы білім беретін орта мектебінің оқушысы; Досан Ақгүл Шортанды ауданы Мықтыкөл негізгі орта мектебі; Бектұрсын Жәмила Степногорск қ. Қ.Сәтпаев атындағы №9 жалпы орта білім беретін мектебі;
ІІІ. Орта буын оқушылары арасында (5-8 сыныптар):
1 орын- Лукьянцева Томирис Ақмола облысы Қорғалжын ауданы Үсенов ат. Сабынды орта мектебі; Бирюкова Карина, Бирюкова Каролина Целиноград ауданы Жаңаесіл ауылы жалпы білім беретін орта мектебінің оқушылары; Дуйсенов Мансур Зеренді ауданы Молодежное ауылының жалпы орта білім беретін мектебі; Нурсеитова Алина Степногорск қ. Қарабұлақ а. жалпы білім беретін орта мектебі.
2 орын- Бимагамбетов Айдос Жақсы ауданы жас натуралистер станциясының тәрбиеленушісі; Бекетаева Томирис жалпы білім беретін Ы. Алтынсарин ат. №1 орта мектебі, Жаманбаева Айым Қорғалжын мектеп-гимназиясы.
3 орын - Таңат Жантөре Есіл ауданы Красивый а. жалпы білім беретін мектебі; Шулембаева Жанерке Целиноград ауданы №5 Ақмол орта мектебі; Қажыбый Еркежан Зеренді ауданы Байтерек ауылы жалпы білім беретін мектебі.
ІV. Жоғары сынып оқушылары арасында (9-11 сыныптар):
1 орын- Серік Анель, Смағұл Салтанат Қорғалжын ауданы Қорғалжын мектеп-гимназиясы; Яровая Анастасия Шортанды ауданы Жолымбет к. №1 орта мектебі; Вайс Максим Зеренді ауданы Молодежное ауылының жалпы орта білім беретін мектебі; Айчанова Мадина Целиноград ауданы Арайлы ауылының № 9 орта мектебі»
2 орын- Төлеген Жансая Шортанды ауданы Научный к.жалпы орта білім беретін мектебі; Әскербек Нұргүл Бозайғыр ауылының жалпы орта білім беретін мектебі; Левченкова Наталья Степногорск қ. Ю.А.Гагарин ат. №7 жалпы орта білім беретін мектебі;
3 орын- Лапина Дарья «Арайлы ауылының № 9 орта мектебі; Гридасова Ксения Степногорск қ. Л.Н. Толстой ат. №4 мектеп-гимназиясы; Абай Айзада Степногорск қаласы бойынша білім бөлімі Бестөбе кентінің № 1 жалпы орта білім беретін мектебі, Панькова Екатерина школа-гимназия № 6 им. Абая Кунанбаева г.Степногорска.
«Мен- экоблогермін» бейнероликтер номинациясы бойынша:
І. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары арасында:
1 орын- Степногорск қаласы №4 «Арман» балабақшасының орта топ тәрбиеленушілері;
2 орын- Степногорск қаласы «Балауса» бөбекжай балабақшасының тәрбиеленушілері.
ІІ. Бастауыш сынып оқушылар арасында (1-4 сыныптар):
1 орын – Никитенко Вера, Целиноград ауданы Жаңаесіл ауылы жалпы білім беретін орта мектебінің оқушысы;
2 орын –Вершинин Матвей, Целиноград ауданы Жаңаесіл ауылы жалпы білім беретін орта мектебінің оқушысы.
ІІІ. Мектеп оқушылары арасында:
1 орын – Моор Виктория, Атбасар қаласы Полтавка ауылы жалпы орта білім беретін мектебінің оқушысы;
Харенко Александра, Ақкөл ауданы П. Исаков атындағы №1 жалпы білім беретін мектептің оқушысы;
2 орын -Лайдина Вероника, Жақсы ауданы жас натуралистер станциясының тәрбиеленушісі;
Каракоз Людмила, Стригина Дарья Зеренді ауданы Красный Кордон а. негізгі орта мектебінің оқушылары;
Ергельдинова Зейнеп, Целиноград ауданы №5 Ақмол орта мектебінің оқушысы;
3 орын- Бимагамбетов Айдос, Жақсы ауданы жас натуралистер станциясының тәрбиеленушісі;
Дилдебаева Кумусай, Жақсы ауданы жас натуралистер станциясының тәрбиеленушісі;
Серікова Гүлім, Целиноград ауданы Жаңаесіл ауылы жалпы білім беретін орта мектебінің оқушысы;
Агалаков Никита, Шортанды ауданы Шортанды кентінің жалпы орта білім беретін № 1 мектебінің оқушысы.