«Ақмола облысы білім басқармасының туризм, дене шынықтыру, алғашқы әскери және технологиялық дайындық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
![]() |
Коммунальное государственное учреждение «Центр туризма, физической культуры, начальной военной и технологической подготовки управления образования Акмолинской области» |
2024 жылдың 23 қарашада Астана қаласындағы Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназиясында алғашқы әскери және технологиялық дайындық жетекшілері арасында «ПНЕВМАТИКАЛЫҚ ВИНТОВКАДАН АТУ МЕН АВТОМАТТЫ ЖАРТЫЛАЙ БӨЛШЕКТЕП—ЖИНАУДАН» Республикалық турнир өткізілді. Турнирге Ақмола облысының әскери-патриоттық тәрбие беретін жетекшілер қатысқан болатын.
Осы жарыстың төрешісі ретінде Ақмола облысы, Ерейментау ауданы, Тайбай орта мектебінің алғашқы әскери және технологиялық дайындық оқытушы-ұйымдастырушысы, «Бүркіт» әскери-патриоттық клубының жетекшісі кіші сержант Жамбыл Жаншуақов болды.
Әскери жетекшілер арасындағы сайыс тартысты да қызықты өтті. Нағыз мықтылар жиналған бәсекеде мергендер өз шеберліктерін көрсетсе, шапшаңдар автоматты бөлшектеп-жинақтауда үздіктерді анықтады.
Жарыс қорытындысы бойынша автомат жинаудан 30-39 жас аралығында Көкшетау қаласы Әл-Фараби атындағы ІТ-лицейдің АӘТД мұғалімі Бекет Кумирсерикович Бекмағанбетов 1 орын алғаны үшін және 50-59 жас аралығында Біржан сал ауданы Макинка ауылы жалпы орта білім беретін мектебінің АӘТД мұғалімі, әскери жетекшісі Ниязбек Даулбаевич Абжанов 3 орын алғаны үшін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі атынан дипломдарымен марапатталды.
Сонымен қатар «Спорт жұлдыздары» журналы редакция алқасының шешімімен «Патриоттық және азаматтық белсенділігі үшін» медалімен марапатталды.
Құттықтаймыз!!!