«Ақмола облысы білім басқармасының туризм, дене шынықтыру, алғашқы әскери және |
Коммунальное государственное учреждение «Центр туризма, физической культуры, начальной военной и технологической подготовки управления образования Акмолинской области» |
Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі, өлкетану және экология орталығы «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасының «Табиғат бесігі» кіші жобасын іске асыру аясында 2021 жылдың 11-12 наурызында ZOOM платформасы бойынша облыстық экологиялық олимпиада өткізді.
Олимпиаданың басты мақсаты:
- туған өлкесінің экологиялық-өлкетану проблемаларына жастардың назарын аудару;
- нақты аймақтық әлеуметтік-экологиялық проблемаларға қатысушылар белгілеген, әсіресе гидроэкология, ҚТҚ кәдеге жарату, қоршаған ортаны қорғау саласындағы ең жақсы бастамалар мен конструктивті шешімдерді көтермелеу: аудан (қала) экологиясы, адам экологиясы, табиғат экологиясы, СӨС, ақпараттық экология (вебэкология).
Облыстық олимпиадаға Ақкөл, Аршалы, Атбасар, Астрахан, Бурабай, Егіндікөл, Ерейменту, ақсы, Қорғалжын, Сандықтау, Целиноград, Шортанды аудандарының және Көкшетау және Степногорск қалаларының 39 оқушысы қатысты.
Әділқазылар алқасының құрамына Ибраева Г.Б. - Көкшетау қаласы №13 «ЭКОС» экологиялық мектеп-гимназиясының география мұғалімі; Гудзюк Е. В. – Көкшетау қаласы №21 орта мектеп-лицейінің география мұғалімі; Морозова И.С. – Жақсы ауданы Қима ауылының жас натуралистер станциясының директоры; Нарбаева Р.Т. – Зеренді ауданы Шағалалы ауылы Жоғары агротехникалық колледжінің арнайы пәндер оқытушысы кірді.
Олимпиада келесі номинациялар бойынша өткізілді:
Бұл номинация бойынша қатысушылар табиғи баламалы энергия көздерінің тиімді жолдарын, қатты тұрмыстық қалдықтарды утилизациялау жолдарын, күн және жел энергиясын, биоотынды өндіру туралы жоба жұмыстарына тоқталды.
Бұл номинация бойынша жүлдері орындарға ие болған қатысушылар:
1 орын - Подольский Кирилл, Аршалы ауданы;
Жұмажан Гүлназ, Егіндікөл ауданы;
2 орын – Уалиев Нариман, Аршалы ауданы;
Көшекбай Жандос, Жақсы ауданы.
3 орын - Тыртышная Алина, Көкшетау қаласы.
Бұл номинация бойынша қоқысты кәдеге жарату, пластиктің пайдасы мен зияны туралы жоба жұмыстарын қорғалды.
Бұл номинация бойынша жүлдері орындарға ие болған қатысушылар:
1 орын - Батан Құндыз, Бурабай ауданы.
2 орын – Сорокина Элина, Көкшетау қаласы;
3 орын - Яловая Александра, Ақкөл ауданы;
Лепесбаева Аружан, Целиноград ауданы;
Болат Гаухар, Қорғалжын ауданы.
Орталықтың грамотасымен марапатталған оқушылар:
Вестова Милана, Бурабай ауданы;
Абдуллина Карина, Аршалы ауданы;
Городецкая Екатерина, Бурабай ауданы.
Облыстық олимпиаданың барлық қатысушыларына сертификаттар берілді. Жеңімпаздарға дипломдар және естелік сыйлықтар табыс етілді. Жеңімпаздарды дайындаған жетекшілер білім басқармасының алғыс хатымен марапатталды.