«Ақмола облысы білім басқармасының туризм, дене шынықтыру, алғашқы әскери және |
Коммунальное государственное учреждение «Центр туризма, физической культуры, начальной военной и технологической подготовки управления образования Акмолинской области» |
Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі, өлкетану және экология орталығы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру аясында 2021 жылдың 10 – 11 наурыз күндері аралығында Облыстық «Менің кіші Отаным!» сырттай зерттеу жұмыстары мен ғылыми жобалар байқауын өткізді.
Байқаудың мақсаты - туған ел тарихына қызығушылық танытқан талантты оқушыларды, олардың шығармашылық қабілеттерін анықтау, өскелең ұрпақ бойында қоғамдық белсенділікті және қазақстандық патриотизм мен азаматтық сезімді қалыптастыру, сонымен қатар, өлкетану мен Қазақстан тарихы бойынша оқушылардың білімдерін, ұлттық өзін-өзі анықтау және өзінің кіші отанына деген мақтанышын дамыту.
-оқушылар мен оқытушылар арасында патриотизмді, туған өлкенің табиғи және тарихи-мәдени мұрасына мұқият қарауды тәрбиелеу;
-ең қызықты өлкетану зерттеулік жұмыстарды анықтау;
-өлкетану және зерттеу саласында талантты балалар мен жастарды, педагогтарды қолдау;
-теориялық білім мен тәжірибелік дағдыларды дамыту, балалар білім беру мекемелерінде өлкетану тәжірибесінде қазіргі заманғы ғылыми жетістіктерді енгізу;
-оқушылардың моральдық, дене шынықтыру тәрбиесін жетілдіру.
Байқаудың негізгі міндеттері - өлкетануды оқуға қызығушылық танытқан оқушыларды анықтау және қолдау;
- туған өлке тарихын оқуға деген танымдық қызығушылықтарын ынталандыру;
- тарихи өлкетану саласындағы оқушылардың бастамалары мен зерттеушілік идеяларын анықтау және қолдау;
- жалпы тарих, өз жеріңе, туған аулыңа, қалаңа, өлкеңе деген сүйіспеншілік негізінде жалпықазақстандық сәйкестік пен бірлікті қалыптастыру.
Елімізде қалыптасқан қолайсыз эпидемиологиялық жағдайға байланысты Байқау сырттай режимде ұйымдастырылды.
Байқаудың бірінші аудандық, қалалық кезеңінен өткен Ақкөл, Аршалы, Атбасар, Бурабай, Ерейментау, Есіл, Егіндікөл, Жақсы, Зеренді, Қорғалжын, Сандықтау, Целиноград, Шортанды аудандары мен Степногорск және Көкшетау қаласының 114 қатысушы бәйгеге түсіп бақтарын сынады.
Байқау қатысушыларының жұмысын Көкшетау қаласының тарихы музейінің аға қызметкерлері, Көкшетау қаласының білім беру ұйымдарының мұғалімдері, облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі, өлкетану және экология орталығының әдіскерлері бағалады.
Байқау 4 номинация бойынша өткізілді: «Менің кіші Отанымның тарихы» - бұл номинацияда қатысушылар өздерінің елді мекеннің тарихын (географиялық атауы, құрылу тарихы, негізгі даму кезеңдері, ауданның табиғи-климаттық ерекшеліктері, тұрғындары, әлеуметтік саланың кәсіпорындары мен мекемелері туралы, көрікті жерлер және т.б.) форматында ашып көрсетіп, бейне репортаждар ұсынды.
«Менің кіші Отанымның символы» - бұл номинацияда байқау қатысушылары жануарға, өсімдікке, адамға, құбылысқа және т.б. туралы бейнебаян ұсынды.
«Менің кіші Отанымның болашағы» - номинациясы бойынша қатысушылар – макет презентация түрінде жұмыстарын қорғады.
«Менің туған өлкем» - номинация бойынша қатысушылар өздерінің елді мекені туралы эссе жазды.
Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанған 22 оқушы Ақмола облысы білім басқармасының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталды. Оның ішінде І дәрежелі дипломға - 4 оқушы, ІІ дәрежелі дипломға - 8 оқушы, ІІІ дәрежелі дипломға – 9 оқушы ие болды.
Жүлдегерлерді жеңістерімен құттықтаймыз, алдағы уақытта да табыс тілейміз. Байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлер тізімі төменде көрсетілген.
І дәрежелі диплом иегерлері:
1.Пушкарев Роман Степногорск қаласы (Степногорск қ. ББ қарауындағы БШҮ МКҚК);
2.Жақсыбаев Ескен Жақсы ауданы (Жақсы № 1 орта мектебі);
3.Лейченко Дарья Ақкөл ауданы (Ақкөл қ. № 2 жалпы орта білім беретін мектебі);
4.Қалиева Жұлдыз Бурабай ауданы (Мәдениет а. Е.Исмаилов атын.жалпы орта білім беретін мектебі).
ІІ дәрежелі диплом иегерлері:
1.Еншина Полина Бурабай ауданы (Веденовка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі);
2.Мусурова Аяжан Жақсы ауданы (Моховое ауылының негізігі орта мектебі);
3.Бексеитова Айғаным Жақсы ауданы (Ешім ауылының жалпы орта білім беретін мектебі);
4.Кулагин Роман Степногорск қаласы (Ш.Уәлиханов атын.№8 ЖББМ);
5.Қазымбек Ұлан Жақсы ауданы (Жақсы № 1 орта мектебі);
6.Халимончик Полина Атбасар ауданы (Шуйский ауылының жалпы білім беретін орта мектебі);
7.Аманжол Ақерке Көкшетау қаласы (№ 2 орта мектеп - лецейі);
8.Гавва Леонид Атбасар ауданы (Борисовка ауылының жалпы білім беретін орта мектебі).
ІІІ дәрежелі диплом иегерлері:
1.Олейник Виктор Атбасар ауданы (Сочинский ауылының жалпы білім беретін мектебі);
2.Тарлыкова Алена Есіл ауданы (Заречный ауылының жалпы орта білім беретін мектебі);
3.Айбек Рауан Ақкөл ауданы (Барап ауылының негізгі орта мектебі);
4.Жанат Мерей Зеренді ауданы (Зеренді ауылының №1ЖББМ)
5.Мокиенко Анастасия Атбасар ауданы (Борисовка ауылының жалпы білім беретін орта мектебі);
6.Гридасова Арина Степногорск қаласы (Степногорск қ. ББ қарауындағы БШҮ МКҚК);
7.Рахым Райымбек Көкшетау қаласы (№ 17 орта мектеп – гимназиясы);
8.Ручко Юлия Егіндікөл ауданы (Спиридоновка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі)
9.Подвительская Милана, Лукьянова Ангелина Көкшетау қаласы (№ 10 орта мектебі)