«Ақмола облысы білім басқармасының туризм, дене шынықтыру, алғашқы әскери және |
Коммунальное государственное учреждение «Центр туризма, физической культуры, начальной военной и технологической подготовки управления образования Акмолинской области» |
Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі, өлкетану және экология орталығы 2021 жылдың 16-17 наурыз күндері Дүниежүзілік Жер күніне арналған облыстық экологиялық мұражайлар Фестивальін өткізді.
Фестивальдің мақсаты мен міндеттері:
- балалар мен жасөспірімдерде қоршаған табиғатқа бей-жай қарамайтын көзқарасты ояту;
- балалардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру;
- әр түрлі дәстүрлі емес (қажет емес) материалдардан жасалған қолөнер байқауына қатысу арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту;
- педагогтардың, балалар мен олардың ата-аналарының бірлескен шығармашылығын жандандыру.
Байқауға экомұражайлардың жұмыстары бейне және фото түрінде ұсынылды, онда экспонаттар түрлі техникада орындалған әртүрлі дәстүрлі емес материалдардан жасалған бұйымдар болды. Фестиваль қатысушылардың шығармашылық идеяларын жүзеге асыруға, сондай-ақ бұдан былай мақсатына сай қолданылмайтын заттарды қайта пайдалануға көмектесті. Балалар керексіз заттарды дұрыс қолдана білді және үйлеріндегі қоқыстарға екінші өмір сыйлап, тұрмысқа қажет бұйымдар жасап, қолданысқа енгізді, керексіз заттарды «керек» қылып үйренді. Олар енді қоқысты полигонға тастаудың қажеті жоқ екенін, өйткені импровизацияланған материалдардан түпнұсқа қолөнер жасауға болатыны түсінді.
Көрмеге қатысқан әрбір бала қоршаған ортаның экологиялық жағдайын сақтауға өз үлесін қосты. Қалдықтардан жасалған қолөнер-бұл адамдарды шығармашылық ойлауға, табиғатқа ұқыпты қарауға, экологиялық ойлауға тәрбиелейді, шеберлік дағдыларын дамытады, эстетикалық қажеттіліктерді қанағаттандырады.
Фестивальға облыстың Аршалы, Ақкөл, Атбасар, Бурабай, Есіл, Егіндікөл, Жақсы, Жарқайың, Зеренді, Қорғалжын, Сандықтау, Целиноград аудандары және Көкшетау, Степногорск қалаларының жалпы білім беретін мекемелері қатысты.
Облыстық экологиялық мұражайлар Фестивальінің қорытындысы бойынша облыстың келесі білім беру мекемелері анықталды:
1 орын – Жақсы ауданы Қиима ауылының жас натуралистар станциясы;
Бурабай ауданы Ұрымқай ауылы жалпы орта білім беретін мектебіінің «ЭКОС» мұражайы;
Ақкөл ауданы П.Исаков атындағы №1 жалпы орта білім беретін
мектебінің «Зеленая планета» мұражайы;
2 орын – Ақкөл қаласы №2 жалпы орта білім беретін мектебінің «Экомузей» мұражайы;
Атбасар қаласы №2 жалпы орта білім беретін мектебі;
Қорғалжын ауданы Ш.Уәлиханов ат. жалпы орта білім беретін
мектебінің «Жауқазын» мұражайы;
3 орын – Степногорск қаласы А.Құнанбаев ат. №6 мектеп-гимназиясы;
Атбасар қаласы №4 жалпы орта білім беретін мектебінің «Үркер» мұражайы;
Көкшетау қ. №17 мектеп-гимназиясы.
Облыстық Фестивальдің жеңімпаздары Ақмола облысы білім басқармасының дипломдарымен және естелік сыйлықтармен марапатталды.
Белсенді қатысқан келесі ұйымдар Орталықтың грамотасымен марапатталды:
Көкшетау қаласының ІТ –мектебі; Бурабай ауданы Қатаркөл ауылының Досов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің «Зеленые береты» мектеп орманшылығы; Атбасар ауданы Шуй ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің «Росток» мұражайы.