«Ақмола облысы білім басқармасының туризм, дене шынықтыру, алғашқы әскери және технологиялық дайындық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
![]() |
Коммунальное государственное учреждение «Центр туризма, физической культуры, начальной военной и технологической подготовки управления образования Акмолинской области» |
Ағымдағы жылдың 18 ақпанында Көкшетау қаласының Жоғары техникалық колледжі базасында "Ұлы Жеңіске 80 жыл" толуына орай «Намыс» спартакиадасы аясында Ақмола облысының жалпы білім беру мектептерінің оқушылары арасында «Мерген-2025» пневматикалық винтовкадан ату бойынша облыстық әскери-патриоттық байқауы басталды. Аталған байқауға облыстың барлық өңірлерінен 16 аудан мен қаладан, сондай-ақ облыстық маңызы бар 2 мектептің 70үздік атқыштары қатысып отыр.
19 ақпанда байқаудың салтанатты ашылуы өтті, оған келесілер қонақтар шақырылды:
- «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ Қарулы Күштері ардагерлер одағы» ҮЕҰ Ақмола филиалының төрағасы отставкадағы полковник Жанат Молғаждарұлы Ережепов
- Ақмола облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бөлім бастығы лейтенант Қажкенов Жаслан
Орталық басшысының орынбасары Мейірбек Шәріпұлы Мұхатаев және шақырылған қонақтар құттықтау сөз сөйледі. Олар қатысушыларға үлкен жеңістер мен жаңа жетістіктер тіледі!