«Ақмола облысы білім басқармасының  туризм, дене шынықтыру, алғашқы әскери және технологиялық дайындық орталығы»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение «Центр туризма, физической культуры, начальной военной и технологической подготовки  управления образования Акмолинской области»

 


Әлеуметтік желілердегі парақшаларымыз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Облыстың мергендері анықталды

24.02.2025

«Ақмола облысы білім басқармасының туризм, дене  шынықтыру, алғашқы әскери және технологиялық дайындық орталығы» КММ күнтізбелік жоспарына сәйкес 2025 жылғы 18-21 ақпан күндері Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы Көкшетау қаласы, Жоғары техникалық колледжі аумағында  «Мерген-2025» пневматикалық винтовкадан атыс бойынша әскери-патриоттық конкурсы өтті.

Жарысқа 18 команда, 68 оқушы ұл-қыздар қатысты.

«Мерген-2025» пневматикалық винтовкадан атыс бойынша әскери-патриоттық конкурсының жабылуы марапаттау салтанатымен аяқталды.

«Мерген-2025» пневматикалық винтовкадан

атыс бойынша әскери-патриоттық конкурсының  нәтижелері:

І орын – Бурабай ауданының командасы

ІІ орын – Жарқайың ауданының командасы

ІІІ орын – Зеренді ауданының командасы

Одан басқа  ВП-1, ВП-2, ВП-3, ВП-4  төрт сайысы бойынша ұл қыздар марапатталды,  Егіндікөл командасы жеңіске деген ерік жігері үшін марапатталды.                                                                                                    

   Жарыстан тыс «Мерген достық алаңы» «Үздік оператор», «Үздік тілші», «Ең креативті команда», «Ең жас ару мерген» сияқты номинацияларында   командалық және жеке есепте марапатталды.  

 

Барлық қатысушы командалар «Ақмола облысы білім басқармасының туризм, дене  шынықтыру, алғашқы әскери және технологиялық дайындық орталығы» КММ сертификаттармен марапатталды, жеңімпаздар командалық есепте диплом, грамоталармен, кубок медальдармен, жеке есепте үздік нәтиже көрсеткен ұл - қыздар грамоталармен марапатталды.

Просмотров: 250


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст