«Ақмола облысы білім басқармасының  туризм, дене шынықтыру, алғашқы әскери және технологиялық дайындық орталығы»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение «Центр туризма, физической культуры, начальной военной и технологической подготовки  управления образования Акмолинской области»

 


Әлеуметтік желілердегі парақшаларымыз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Республикалық "Қалқан-2025" қысқы спартакиадасы Алматыда жалауын көтерді

25.02.2025

«Жас Сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері арасында

IV Республикалық «Қалқан» қысқы спартакиадасы.

 

  2025 жылдың 25 ақпаны  мен 1 наурыз күндері аралығында Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Спорт комитеті – Орталық спорт клубының оқу-жаттықтыру орталығы базасында «Жас Сарбаз» Республикалық жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері арасында IV Республикалық «Қалқан» қысқы спартакиадасы өтеді.

      Аталған жарысқа Ақмола облысының намысын қорғауға  Щучинск қаласы жоғары педагогикалық колледжінің  «Жас сарбаз»  әскери патриоттық клубының тәрбиеленушілері: Базылов Тимур Талғатұлы, Жигулина Мария Валериевна және Щучинск қаласы  № 2 жалпы білім беретін мектебінің «Жас ұлан»  әскери патриоттық клубының мүшесі Гучинский Максим Генадьевич қатысады.

Жетекшісі Щучинск қаласы жоғары педагогикалық колледжінің АӘТД пәнінің мұғалімі Усенов Карбай Салимович

Жас патриоттарымызға сәттілік тілейміз!

Просмотров: 352


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст