«Ақмола облысы білім басқармасының туризм, дене шынықтыру, алғашқы әскери және технологиялық дайындық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
![]() |
Коммунальное государственное учреждение «Центр туризма, физической культуры, начальной военной и технологической подготовки управления образования Акмолинской области» |
Бүгін Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған Ұлттық мектеп лигасы аясында Ақмола облысының жалпы білім беретін мектептерінің 9-11 сынып оқушылары арасында «Жастар» облыстық баскетбол спартакиадасының ашылу рәсімі өтті.
Ашылу салтанатында Ақмола облысы Білім басқармасының Туризм, дене шынықтыру, алғашқы әскери-технологиялық дайындық орталығы басшысының орынбасары Мұхатаев Мейірбек Шәріпұлы сөз сөйлеп, қатысушыларды құттықтап, сәттілік пен табыс тіледі.
Ашылу салтанатынан кейін топтық кезең ойындары басталып, кейін жарыстың болашақ финалистері анықталады.
Еске сала кетейік, чемпионат 28 ақпанға дейін жалғасады, финалдық ойындар біздің арнада көрсетіледі, сондықтан жаңалықтар легін бақылаңыздар.