«Ақмола облысы білім басқармасының туризм, дене шынықтыру, алғашқы әскери және технологиялық дайындық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
![]() |
Коммунальное государственное учреждение «Центр туризма, физической культуры, начальной военной и технологической подготовки управления образования Акмолинской области» |
9-11 сынып оқушылары арасында баскетболдан финалдық ойындар Ұлттық мектеп лигасы аясында өтті, Ол Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай өткізіліп, онда облыстық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлері анықталды.
Ойындардың қорытындысы бойынша Көкшетау қаласының командасы 3-орынды, Аршалы ауданының командасы 2-орынды, Бурабай ауданының командасы 1-орынды иелеген.
Қорытынды ойындардан кейін жабылу және марапаттау салтанаты өтіп, Шағалалы ауылының жоғары агротехникалық колледжінің директоры Арман Дәулетханұлы Оспанов және Ақмола облысы Білім басқармасының туризм, дене шынықтыру, алғашқы әскери-технологиялық дайындық орталығы бастығының орынбасары Мұхатаев Мейірбек Шәріпұлы құттықтау сөздерімен сөз сөйледі.
Үздік үштіктен басқа жеңіске деген ерік үшін Целиноград ауданының құрамасы марапатталды. Қатысушылар жоғары деңгейде ойнау мен кәсіпқойлық танытты.