«Ақмола облысы білім басқармасының туризм, дене шынықтыру, алғашқы әскери және технологиялық дайындық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
![]() |
Коммунальное государственное учреждение «Центр туризма, физической культуры, начальной военной и технологической подготовки управления образования Акмолинской области» |
Халықаралық әйелдер күніне орай Щучинск қаласында Ақмола облысының 7-8 сынып қыздары марапатталды. Бұл жарыс "Ұлы Жеңістің 80 жылдығына" арналған болатын.
Қыздар 9 команда арасында баскетболдан ең мықтыларын анықтады.
Әр команда допты меңгеру дағдыларын көрсетті.
Жарыс нәтижесінде орындар келесідей бөлінді:
1-орын - Степногорск қаласының қыздары
2-орын - Кокшетау қаласының қыздары
3-орын - Астрахан ауданының қыздары
Командалық орындардан бөлек, әртүрлі номинациялар бойынша ойыншылар марапатталды:
- "Пайдалы ойыншы" - Біржан сал атындағы ауданнан Қайыржанова Аяжан;
- "Техникалық ойыншы" - Жарқайың ауданынан Досжанқызы Аяжан;
- "Ең үздік пас беруші" - Көкшетау қаласынан Сулеймен Айя;
- "Ең үздік шабуылшы" - Астрахан ауданынан Ахмедбекова Камила;
- "Ең үздік ойыншы" - Степногорск қаласынан Судакова Виктория.
Барлық қатысушыларға мықты денсаулық және болашақта үлкен жеңістер тілейміз!