«Ақмола облысы білім басқармасының туризм, дене шынықтыру, алғашқы әскери және технологиялық дайындық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
![]() |
Коммунальное государственное учреждение «Центр туризма, физической культуры, начальной военной и технологической подготовки управления образования Акмолинской области» |
Бүгін Көкшетау қаласының жоғары техникалық колледжінің базасында “Ұлттық мектеп лигасының” аясында “Жастар” бағдарламасындағы ұлттық спорт түрлері “Асық ату”, “Бес асық”, “Тоғыз құмалақтан” облыстық жарысы өз мәресіне жетті.
Облысымыздың 16 ауданынан келген 5-6 сынып оқушылары арасынан жеңімпаздар анықталды.
Салтанатты жабылу мен марапаттау рәсімінде спортшыларды “Ақмола облысы білім басқармасының” бас маманы Ли Марина Борисовна мен “Ақмола облысы білім басқармасының туризм, дене шынықтыру, алғашқы әскери және технологиялық дайындық орталығы” КММ басшысы Сагидолда Орынбек Мамиұлы құттықтады.
Жеңімпаздар тізімі төмендегідей анықталды:
Асық атудан:
1-орын - Қорғалжын ауданы, команда құрамы: Сәрен Жандос, Байнасыр Бекарыс, Әбдігаппар Шернияз);
2-орын - Көкшетау қаласы, команда құрамы: Амантайұлы Даулет, Мусабеков Нурали, Қомаш Нұртас;
3-орын - Целиноград ауданы, команда құрамы: Елемес Жандос, Амангелді Жансұлтан, Есейұлы Жанарыс.
Бес асықтан:
1-орын - Астрахан ауданы, команда құрамы: Шмидт Марианна, Шмидт Эвелина, Гановская Надежда;
2-орын - Есіл ауданы, команда құрамы: Болатқызы Мариям, Хуат Фатиха, Науман Дарья;
3-орын - Бурабай ауданы, команда құрамы: Богуш София, Бекенбаева Дамели, Ревенко Екатерина.
Тоғызқұмалақтан:
1-орын - Бурабай ауданы, команда құрамы: Амантай Диас, Қожағұл Нұрислам, Исмагулова Аделия, Абзал Айзада;
2-орын - Шортанды ауданы, команда құрамы: Тилеубекұлы Алтынбек, Бахитбек Шаһ Керім, Хуан Шұғыла, Серікболқызы Арайлым;
3-орын - Целиноград ауданы, команда құрамы: Асылбекқызы Айша, Алтынбек Бексултан, Абай Қымбат, Кавдраш Нурсултан.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Қатысқан спортшыларға болашақта сәттілік тілейміз, үлкен жетістіктерге жететініне сенеміз.