«Ақмола облысы білім басқармасының туризм, дене шынықтыру, алғашқы әскери және |
Коммунальное государственное учреждение «Центр туризма, физической культуры, начальной военной и технологической подготовки управления образования Акмолинской области» |
2021 жылдың 04 мамыры күні ZOOM платформасы арқылы Ақмола облысының білім беру ұйымдарының өлкетану бағытындағы жұмыс істейтін педагогтарына, тарих пәнінің мұғалімдеріне, музей және өлкетану үйірмелері жетекшілеріне, аудандық білім бөлімдерінің әдіскерлеріне арналған облыстық семинар өткізілді.
Облыстық семинарға Ақмола облысы білім беру ұйымдарынан 100 – ге тарта педагогттар мен үйірме жетекшілері қатысты.
Семинардың мақсат міндеттері:
Заманға лайық тәрбие мен білім беру жұмысын кешенді ұйымдастыру, тың идеялар мен шығармашылық, инновациялық жаңашылдыққа бейімдеу. Педагогтардың кәсіби шеберліктерін арттыру.
Жас ұрпақты әлеуметтік белсенділікке, туған өлкесінің мәдениеті мен тарихына деген сүйіспеншілікке, қоғамның мәдени, әлеуметтік өміріне белсенді қатысуына үйрету; жас ұрпаққа өзі мекен еткен табиғи ортаның қадір-қасиетін жете түсінуге бауылу; педагогтардың білім беру әлеуетін, олардың өлкетану мәселелеріндегі құзыреттілігін қалыптастыру; шығармашылық қызметтің әртүрлі түрлерін пайдалана отырып, кәсіби шеберлігін арттыру; өлкетанулық мәдениетті тәрбиелеуде оқушылармен жұмыстың оңтайлы әдістерін табу; тәжірибемен алмасу; пікірлер, ұсыныстарды қабылдау. Өлкетанулық үйірмелердің, ұйымның түрлері мен нысандарының ролін өзектендіру; оқушылардың өлкетанулық мәдениетін тәрбиелеуде педагогтардың қызығушылығын арттыру; педагогтардың тәжірибесін жинақтау; мектептің өлкетанулық үйірмелерінің жұмысын жандандыру; өлкетану жұмыстары бойынша табысты тәжірибені насихаттау; өлкетанудың тұжырымдамалық негіздерін жүзеге асыру жағдайын анықтау.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасының негізгі міндеттерінің бірі Қазақстандық патриотизмге, төзушілікке, жоғары мәденинеттіліке, адам құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуге тәрбиелеу болып табылады.
Орталықтың әдістемелік жұмыс бойынша директордың орынбасары Лейла Кенжебаевна облыстық семинар қатысушыларын құттықтау кезінде облыс бойынша өлкетану бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, орталықтың өлкетану бағыты бойынша алға қойған міндеттеріне тоқталды.
Облыстық семинарға өлкетану бағытындағы өздерінің жұмыстарымен тәжирбиесін бөлісу, алмасу мақсатында Ерейментау, Шортанды, Жарқайың аудандарының мұғалімдері мен «Тарихи – мәдени ортаны қорғау және пайдалану орталығының» аға қызметкері өздерінің баяндамаларын оқып тәжирбиелерімен бөлісті.
Рахимжанова Гүлім Амангелдіқызы өзінің баяндамасы барысында Ақмола өлкесінің тарихы бай, тамыры тереңде жатқанын, Ақмола өңірі тек ғажап табиғатымен ғана емес, сонымен қатар тарихи мәдени мұрасымен де көз тартатындығы жайлы баяндады .
Тарихи-мәдени мұра – табиғат пен қоғамның даму кезендерін бейнелейтін ерте кезде қалыптасқан, сақтауға және дәріптеуге тиісті мәдени және рухани құндылықтар.
Қазіргі таңда облыс аймағында 1793 тарихи – мәдени ескерткіш бар, оның ішінде 4 ескерткіш республикалық, 1032 жергілікті маңызы бар, 757–сі алдын-ала тіркеуде тұрғандығы жайлы баяндады. Бұлардың ішінде археология, монументтік өнер, қала және сәулет құрылысының ескерткіштері бар екендігін айты..
Қазіргі күні тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Бабалар ескерткіштері - ұрпақтарға аманат», «Бабалар тарихы ұрпақтар ұлағатында», «Қазыналық қазба - ұлт құндылығы», «Аңызға айналған киелі ескерткіштер», «Ескерткіштер сыр шертеді» атты 5 ірі жоба іске асырылып жатқандығы туралы тоқталып кетті.
Бегалина Ирина Николаевна баяндама барысында Державинск қаласының балалар – жасөспірімдер шығармашылық орталығының өлкетану бағытындағы жұмысы жайлы баяндама жасап өзінің тәжирбиесімен бөлісті.
Шайзан Әлия Шортанды ауданы Жолымбет № 2 жалпы орта білім беретін мектептегі «Ұлттық құндылықтар негізінде отаншылдыққа тәрбиелеу» жұмысы жайлы баяндама жасап өзінің жұмысын ортаға көрсетіп, жұмысының әлсіз тұстарына сын – пікірлер айтылды.
Бейсенова Жұлдыз Негманова Ерейментау ауданы Олжабай батыр ауылының орта мектебінде сыныптан тыс іс – шараларды ұйымдастыру арқылы мектеп оқушыларының бойында патриоттық сананы қалыптастыру жұмысы жайлы баяндама жасады.
Баяндамасы барысында Олжабай батыр ауылының жанындағы Олжабай батыр ескерткішінің көгалдандыру жұмысымен, оқушылардың патриоттық сезімдерін қалыптастыру жұмыстары жайлы тәжирбиесімен бөлісті.
Облыстық семинар қорытындысы бойынша келесі ұсыныстар ұсынылып қабылданды:
1.Оқушылардың өлкетану бағыты бойынша ең қызықты жұмыстарын анықтау, оларды жариялау;
2. Қызықты болатын іс-шараларды ұйымдастыру бойынша ұсыныстар енгізу, өлкетану бағытындағы іс-шараларды (форумдар, фестивальдар, конкурстар слеттер, акциялар және басқа да іс-шаралар өткізу);
3.Өлкетану қызметінің бағыттары бойынша зерттеу зертханалары мен ғылыми семестрлер құру жұмыстарын арттыру.