«Ақмола облысы білім басқармасының туризм, дене шынықтыру, алғашқы әскери және |
Коммунальное государственное учреждение «Центр туризма, физической культуры, начальной военной и технологической подготовки управления образования Акмолинской области» |
2021 жылдың 13-14 мамыр күндері Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі, өлкетану және экология орталығының» ұйымдастырумен жалпы білім беретін мектептердің оқушылары арасындағы «Туған жерім» облыстық сырттай бейнероликтер конкурсы өткізілді.
Конкурстың мақсаты мен міндеттері – балалар мен жасөспірімдер арасында бейнероликті кең тарату, оқушылардың белсенді өмір қағидасын және патриоттық тәрбиесін қалыптастыру. бейнеге түсіру өнеріне қызығушылыққа баулу; дарынды балаларды анықтау; балалардың бейнеге түсіру өнеріне қызығушылығын дамыту, қоршаған ортаға эстетикалық көзқарасын тәрбиелеу; балалар шығармашылығын қолдау;
Конкурс екі кезең бойынша өткізілді. Бірінші кезең аудандық іріктеу кезеңі, екінші облыстық кезең. Екінші кезеңге облыстың 9 ауданнан 26 оқушы қатысты. Оқушылар төрт номинация бойынша өздерінің жұмыстарын ұсынды. Конкурстың қортындысы бойынша орындар төмендегідей:
«Бәрі туған жерге деген махаббаттан басталады» номинациясы
1-орын Широких Алина (Есіл ауданы, Ақсай ЖОББМ 5 сынып);
2-орын Мухаметжан Динара (Целиноград ауданы, Арайлы ЖОББМ 9 сынып);
2-орын Үндістан Самғат (Қорғалжын ауданы, А.Төлебаев ат.ЖОББМ 4 сынып);
3-орын Варкентин Эвелина (Атбасар ауданы, Тельман а.,ЖОББМ 7 сынып);
3-орын Орынбаева Аружан (Бурабай ауданы, Қарашілік а., ЖОББМ 9 сынып )
Белсенді қатысқаны үшін Қайырбекова Айнаш (Ақкөл ауданы Кеңес а., ЖОББМ).
«Мен мақтан тұтатын адам» номинациясы
1-орын Дженаралиева Алман (Атбасар ауданы, Полтавка а.,ЖОББМ 6 сынып);
2-орын Диль София (Ақкөл ауданы, Исакова ат.№1ЖОББМ 11 сынып);
2-орын Орынбай Жанерке (Бурабай аудан, Қарашілік а., ЖОББМ 10 сынып);
3-орын Кучерявенко Валерия (Бурабай ауданы, Веденовка а., ЖОББМ 10 сынып).
«Бұл кездесу кездейсоқ емес» номинациясы
1-орын Әлкей Алуа (Есіл ауданы, Есіл қ., №3 ЖББМ 9 сынып);
2-орын Баймагамбетова Томирис (Атбасар ауданы, Самарка а., ЖОББМ 7 сынып);
3-орын Жақсылықов Алдияр (Егіндікөл ауданы, Егіндікөл а., №1ЖОББМ 6 сынып).
«Әлемдегі ең жақсы жер туралы...» номинациясы
1-орын Ильяс Мадина (Зеренді ауданы, Кеңеткөл а., НОМ 8 сынып);
2-орын Омурбаев Ернұр (Атбасар ауданы, Тимашевка а.,ЖОББМ 8 сынып);
2-орын Жетпіс Айым (Целиноград ауданы, Қызылсуат а., ЖОББМ 5 сынып);
3-орын Қожахмет Айзере-Румиса (Ерейментау ауданы, Торғай а., ЖОББМ 8 сынып);
3-орын Жусупова Сұлу (Қорғалжын ауданы, А.Төлебаев ат.ЖОББМ 5 сынып);
Белсенді қатысқаны үшін Олжабай Мерей (Зеренді ауданы, Исаковка а., ЖОББМ 10 сынып);
Белсенді қатысқаны үшін Марунич Константин (Целиноград ауданы, Арайлы а., ЖОББМ 6 сынып).
Конкурстың қортындысы бойынша жүлдегерлер І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды, барлық қатысушыларға сертификат берілді.
Жүлдегерлерді жеңістерімен құттықтаймыз, алдағы уақытта да табыс тілейміз.