«Ақмола облысы білім басқармасының туризм, дене шынықтыру, алғашқы әскери және |
Коммунальное государственное учреждение «Центр туризма, физической культуры, начальной военной и технологической подготовки управления образования Акмолинской области» |
Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі, өлкетану және экология орталығы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында 2021 жылдың 13-14 мамырында ZOOM платформасы бойынша облыстық зерттеу жұмыстар байқауын өткізді.
Байқаудың басты мақсаты: зерттеу қызметі арқылы оқушылардың зияткерлік және шығармашылық әлеуетін дамытуды ынталандыру.
Облыстық байқауға Аршалы, Атбасар, Бұланды, Егіндікөл, Ерейментау, Есіл, Жақсы, Жарқайың, Қорғалжын, Сандықтау, Шортанды аудандары және Көкшетау және Степногорск қалаларынан 23 оқушы қатысты.
Әділқазылар алқасының құрамына кірген педагогтар: Еламанова Гүлжан Темірғалиқызы – Бурабай ауданы Урымқай ауылының жалпы орта білім беретін мектептің директордың тәрбие ісі жөнінде орынбасары; Мищерина Нина Федоровна – Зеренді ауданы Айдабол жалпы орта білім беретін мектептің география және биология мұғалімі; Майорова Олеся Михайловна - Степногор қаласы Ыбырай Алтынсарин атындағы №1 жалпы орта білім беретін мектептің химия және биология мұғалімі; Укай Амангүл – Целиноград ауданы Қоянды ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектептің география пәні.
Табиғат адамзаттың, жалпы тіршілік атаулының ежелден өмір сүріп келе жатқан ортасы, алтын бесігі. Табиғат өзінің қайталанбас сұлулығымен, таусылмас қызығымен, мың сан жаратылысымен, асқақ та өрең жетпес шексіздігімен, ал кейде нәзіктігімен қайран қалдырады. Осындай тамаша табиғатты біз қаншалықты қорғап жүрміз?!
Балалар осы мәселе төңірегінде «Туған жеріміздің тағдыры өзіміздің қолымызда» зерттеу жобалар байқауында туған өлкесінің экологиялық жағдайын ашатын, жаһандық экологиялық проблемаларға назар аударды.
5-7 сынып оқушылары арасында жүлделі орындар келесідей бөлінді:
1 орын - Байтомар Дінмұхаммед, Аршалы ауданы;
2 орын – Сәдібек Айқын, Атбасар ауданы;
3 орын - Өмірбек Ақерке, Шортанды ауданы;
Мерекеева Дильназ, Сулейменов Бекзат, Ерейментау ауданы.
8-11 сынып оқушылары арасында:
1 орын – Таукелова Томирис, Шортанды ауданы;
2 орын – Бутрамьева Лиана, Бұланды ауданы;
3 орын - Чореску Дарья, Жақсы ауданы.
Облыстық Байқаудың жеңімпаздарына дипломдар және естелік сыйлықтар табыс етілді. Жеңімпаздарды дайындаған жетекшілер Орталықтың алғыс хатымен марапатталды.