«Ақмола облысы білім басқармасының туризм, дене шынықтыру, алғашқы әскери және технологиялық дайындық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
![]() |
Коммунальное государственное учреждение «Центр туризма, физической культуры, начальной военной и технологической подготовки управления образования Акмолинской области» |
5-мамыр күні «Ұлы Жеңіске 80 жыл» толуына және "Отан қорғаушылар күніне" орай Қорғаныс Министрлігінің Шоқан Уәлиханов атындағы әскери колледжінде Ақмола облысының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында саппен жүру және ән айту облыстық байқауы өтті.
Аталаған ауқымды шараға 450 жас сарбаздар қатысты. Әрқайсысы "Елім" деп жүрегі соққан патриоттар екені сөзсіз.
Жастарға қолдау көрсетуге Ақмола облысы білім басқармасының басшысы Балташева Айнагуль Кыдырбаевна, Ақмола облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің өкілі подполковник Габдуллин Елжас Алимтаевич, "ҚР ҚК ардагерлер одағы" Республикалық қоғамдық бірлестігінің Ақмола облыстық филиалының төрағасы полковник Ережепов Жанат Малгаждарович, Ақмола облысы "Ауғанстан соғыс ардагерлері одағы" қоғамдық бірлестігінің төрағасы, облыстық маслихатының депутаты полковник Ыбрай Дуанбай Кәзібайұлы, Ш.Уәлиханов атындағы әскери колледжінің штаб бастығы полковник Бекжанов Талғат Сүлтанұлы қатысты.
Конкурс қорытындысы бойынша:
Ұлдар арасында:
1-орын - Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі
2-орын - Көкшетау қаласы, жоғары техникалық колледжі
3-орын - Ш.Уәлиханов Көкшетау университеті жанындағы көпсалалы колледжі
"Жеңіске деген жігері үшін" - Щучинск қаласы, орман шаруашылығы, экология және туризм жоғары колледжі
Қыздар арасында:
1-орын - Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі
2-орын - Көкшетау қаласы, жоғары техникалық колледжі
3-орын - "Арна" Көкшетау жоғары колледжі
"Жеңіске деген жігері үшін" - Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі
Әскеріміз мықты, жастарымыз рухты болсын!