«Ақмола облысы білім басқармасының  туризм, дене шынықтыру, алғашқы әскери және технологиялық дайындық орталығы»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение «Центр туризма, физической культуры, начальной военной и технологической подготовки  управления образования Акмолинской области»

 


Әлеуметтік желілердегі парақшаларымыз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазақстан және туған өлке тарихын ұлықтаушыларды марапаттау

16.05.2025

«Ақмола облысы білім басқармасының туризм, дене шынықтыру, алғашқы әскери және технологиялық дайындық орталығы» КММ ұйымдастыруымен 2025 жылдың 14-16 мамыр аралығында Зеренді ауданы Зеренді ауылының «Парус» демалыс оралығының базасында  Жеңістің 80 жылдығына (1941-1945жж.) арналған  «Уақыт - байланыстырушы желі» білім беру ұйымдары арасындағы музейлерінің облыстық байқауы өткізілді. 

Облыстық байқауға Бурабай, Зеренді,  Бұланды, Сандықтау, Атбасар, Астрахан, Ерейментау аудандары мен Көкшетау, Степногорск қаларынынан және колледждерінен 40 бала қатысты.

 

«Ақмола облысы  білім басқармасының туризм, дене шынықтыру, алғашқы әскери және технологиялық дайындық орталығы» КММ басшысының м.а. Мухатаев Мейрбек Шарипович байқау қатысушыларына жылы лебізін білдіріп құттықтады.

 

Облыстық байқау барысында қатысушылар 4 номинация бойынша өз жұмыстарын қорғап шықты.

"Музей тарихы" номинациясы;

"Ең үздік музей экскурсоводы" номинациясы;

"Ұлы Отан соғыстан жеткен жәдігер тарихы" номинациясы;

"Музей балалар көзімен" номинациясы.

Байқаудың барлық қатысушыларына сертификаттар табыс етілді, номинация жеңімпаздары Ақмола облысы білім басқармасының дипломдарымен және орталықтың бағалы сыйлықтарымен, жетекшілері мен қазылар алқасының мүшелері алғыс хаттармен марапатталды.

 
Просмотров: 531

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст