«Ақмола облысы білім басқармасының туризм, дене шынықтыру, алғашқы әскери және технологиялық дайындық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
![]() |
Коммунальное государственное учреждение «Центр туризма, физической культуры, начальной военной и технологической подготовки управления образования Акмолинской области» |
Ақмола облысы білім басқармасының туризм, дене шынықтыру, алғашқы әскери және технологиялық дайындық орталығының жылдық жоспары негізінде ағымдағы жылдың 26-29 мамыр күндері, «Ұлы Жеңіске 80 жыл» толуына орай «Намыс» Спартакиадасы аясында жалпы білім беру ұйымдарының 7-8 сынып оқушылары арасында «Алау-2025» облыстық әскери-қолданбалы спорт түрлерінен жарыс өтуде.
Аталған жарыс Зеренді ауданының Парус демалыс-сауықтыру лагері аумағында өтуде, оған облысымыздан тоғыз команда, 90 жасөспірім қатысуда.
Жарыстың күн тәртібіне сәйкес жеке құрамның тұруы сағат 07.00-ден жуынудан басталып, тәңертеңгі тексеру және таңғы аспен жалғасты.
Сағат 09:45-те барлық қатысушылар ашылу салтанатына спорт залында орналастырылды. Ашылу салтанатына Орталықтың басшысы Орынбек Мамиұлы қатысып, жас сарбаздарға жылы лебізін білдірді.
Ашылу іс-шарасы аяқталсымен сап және ән байқауы басталып кетті. Түстен кейін ұлдар арасында жоғары белтемірде тартылу бойынша сайыс, ал қыздар болса арқаға жатып денені көтеруден жарысады, кешкі астан кейін барлық командалар сахналандырылған әскери-патриоттық ән байқауына қатысып өз өнерлерін көрсетеді.
Жас партиоттарымызға сәттілік тілейміз!!!