«Ақмола облысы білім басқармасының  туризм, дене шынықтыру, алғашқы әскери және
технологиялық дайындық орталығы»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение «Центр туризма, физической культуры, начальной военной и технологической подготовки  управления образования Акмолинской области»

 


Әлеуметтік желілердегі парақшаларымыз

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Облыстық «Уақыт – байланыстырушы желі» білім беру ұйымдары музейлерінің қашықтық байқауының қортындысы

20.05.2021

Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі, өлкетану және экология» орталығы 2021жылдың 17-18 мамыры күндері аралығында Ақмола облысының жалпы орта білім беру ұйымдарының оқушылары арасында «Уақыт – байланыстырушы желі» білім беру ұйымдары музейлерінің қашықтық байқауының облыстық кезеңі өткізді.

Облыстық байқау «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Ақмола облысының мектеп музейлерін дамыту» бағдарламасын жүзеге асыру аясында өткізілді.

Байқаудың мақсаты: білім алушылар мен жастардың азаматтық тәрбиесін жетілдіру және дамыту мақсатында өткізіледі және білім беру ұйымдары музейлерінің рөлін арттыруға бағытталған:

-тарихи сананы қалыптастыру;

-жастардың рухани-адамгершілік, патриоттық және азаматтық тәрбиесі;

-педагогикалық ұжымдардың шығармашылық жұмысын дамыту;

-музей педагогикасының заманауи жетістіктерінің негізінде азаматтық айқын ұстанымы бар шығармашылықты, ынташыл тұлғаны қалыптастыру;

-туған өлкенің тарихи-мәдени мұрасын сақтаудағы мектептік музейлердің қызметін насихаттау.

Міндеттері: білім алушылардың азаматтық және тарихи-мәдениеттік білімі, патриоттық тәрбиесінде педагогтердің музейді безендіру және тиімді пайдалану бойынша озық тәжірибесін анықтау және тарату.

Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасын сақтау, білім алушылардың азаматтық-патриоттық тәрбиесі және тарихи білімді жаңарту бойынша жұмысты жетілдіру.

Музей жетекшілерінің шығармашылық бастамасын қолдау және дамыту, білім алушылардың белсенді іздестіру және зерттеу іс-әрекеттеріне тарту, мектеп музейлерінің экспозицияларын толықтыру.

Қазақстанның болашақ дамуына өзіндік үлес қосатын жеке тұлға екендігін ұғындыру. Ұлттық сана сезімдерін, саяси сауаттылығын, жауапкершілік сезімдерін, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, өткен тарихқа деген қызығушылығын ояту.

Музей ғылымның, білімнің, мәдениеттің қалыптасуына ықпал ететін ғылыми мекеме ретінде өскелең ұрпақтың тәрбиесіне, тарихи сананың қалыптасуына ықпал етері сөзсіз.

Заттық және рухани құндылықтарды тани отырып тәлім-тәрбие беруде музейдің орны өте маңызды. Осы орайда, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ту етіп, Ақмола өңірінің оқушылары мектеп музейлеріне саяхат жасап өз тарихына үңіліп туған жердің тарихымен танысты. Тарихқа үңілуге беттеген оқушылар өз мектебінің музейімен таныстырып, ішіндегі барлық көрме залында орналасқан тарихи құндылықтармен қызықтыра жүріп таныстырып берді. Бұдан оқушылардың тарихқа деген сауаты ашылып, танымын кеңейтті десек те болады.

Музейге келген сәттен-ақ, оқушылар сол тарихи кезеңдерді елестетіп, тарихи рухын сезіне білді. Расымен де, музейлер өскелең ұрпақтың өз тарихын, ата-бабаларын, даналарын, ғұламаларын ұмытуға жол бермейді. Тарихта аты қалған тұлғалар мен тарихи оқиғалар оқушылардың патриоттық, адамгершілік сезімдері мен қасиеттерін оятып, дамытары сөзсіз. Олай болса, музейлерге бару, өз тарихын, өткен мен бүгіннің бір-бірімен тығыз байланысты екенін білу, сезу қазіргі ұрпақтың адами борышы. Байқауға қатысқан әр оқушының жұмысы,мақтауға лайық десек болады.

 

  

 «Уақыт – байланыстырушы желі» білім беру ұйымдары музейлерінің қашықтық байқауының қортындысы бойынша орындар келесідей бөлінді:

Байқауға облысымыздың 14 ауданы мен Степногорск қаласынан бірінші аудандық, қалалық кезеңнен іріктеліп өткен 44 қатысушы облыстық кезеңе өтіп өздерінің жұмыстарын ұсынды. Қатысушылар «Музейдің үздік бейнеэкскурсоводы», «Креативті мектептік музей», «Туған өлкенің кейіпкері» сияқты номинациялар бойынша сынаққа түсті.

«Музейдің үздік бейнеэкскурсоводы» номинациясы бойынша

1-орын Осадчая Анастасия (Бұланды ауданы);

2-орын Ридунова Виктория (Астрахан ауданы);

2-орын Арғынбек Айсара (Ерейментау ауданы);

3-орын Чореску Дарья (Жақсы ауданы);

3-орын Өмірзақ Ақерке (Целиноград ауданы);

3-орын Хапар Медина (Шортанды ауданы);

«Креативті мектептік музей» номинациясы бойынша

1-орын Новосельское а., ЖОББМ (Атбасар ауданы);

2-орын Дыль Дарья (Сандықтау ауданы);

2-орын Пайзулла Ақбота (Целиноград ауданы);

3-орын Рамазан Мәдина (Жақсы ауданы).

«Туған өлкенің кейіпкері» номинациясы бойынша

1-орын Қасқырбай Әділжан (Жарқайың ауданы);

2-орын Пантюхин Сергей (Ақкөл ауданы);

2-орын Франц Алина (Есіл ауданы);

3-орын Жеңісбекқызы Баянды (Ерейментау ауданы);

3-орын Орынбай Әдия (Зеренді ауданы);

3-орын Құндақбаева Адина (Қорғалжын ауданы).

Белсенді қатысқандары үшін

МукушоваДильназ (Степногорск қ.);

Асылбекова Аққу (Зеренді ауданы);

Амангелді Айсұлу (Шортанды ауданы);

Абишев Нұржан (Астрахан ауданы);

Битакова Аруна (Атбасар ауданы);

Ертуғанов Нұржігіт (Жақсы ауданы);

Азербай Амина (Целиноград ауданы);

Михайловка а., ЖОББ (Аршалы ауданы).

Барлық қатысушыларға сертификаттар берілді. Жеңімпаз балалар Ақмола облысы білім басқармасының алғыс хаттарымен марапатталды. Байқау жеңімпаздарын дайындаған педагогтарға Орталықтың алғыс хаттары табыс етілді.

Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз, алдағы уақытта да шығармашылық табыс тілейміз.

 

Просмотров: 345


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст