«Ақмола облысы білім басқармасының  туризм, дене шынықтыру, алғашқы әскери және технологиялық дайындық орталығы»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение «Центр туризма, физической культуры, начальной военной и технологической подготовки  управления образования Акмолинской области»

 


Әлеуметтік желілердегі парақшаларымыз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2025 жылғы 11-15 тамыз аралығында Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Зеренді ауылының әсем табиғат аясында, «Парус» демалыс аймағында «Менің Отаным – Қазақстан» облыстық туристік-экспедициялық слеті өтті.

15.08.2025
Слетке жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарының 12-17 жас аралығындағы 63 қатысушы – аудандық және қалалық кезеңдердің жеңімпаздары қатысты. Бес күн бойы жас туристер дала жағдайында өмір сүріп, бивуактар құрып, төзімділік, батылдық және командалық бірліктерін көрсетті.
 
Бағдарлама бес номинация бойынша сайыстарды қамтыды:
• «Менің кіші Отаным» – балалар туризмі туралы үздік бейнеролик байқауы;
• «Туристік маршруттар» – жорықтарды таныстыру және қорғау;
• «Туристік кедергілер жолағы» – техникалық дағдылар мен командалық жұмыс сынға түсті;
• «Жартаста өрмелеу» – «жылдамдық» және «қиындық» түрлері бойынша жарыстар;
• «Туристік әндер байқауы» – музыкалық сүйемелдеумен шығармашылық өнер көрсету.
 
Жалпыкомандалық есеп бойынша нәтижелер:
🥇 1-орын – Көкшетау қаласы, «Әулет» командасы
🥈 2-орын – Есіл ауданы
🥉 3-орын – Ақкөл ауданы
 
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен, медальдармен, кубоктармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Команда жетекшілеріне алғыс хаттар табысталды.
 
Ұйымдастырушылар қатысушыларды лайықты нәтижелерімен құттықтап, республикалық кезеңде сәттілік тіледі.
Просмотров: 241


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст