«Ақмола облысы білім басқармасының туризм, дене шынықтыру, алғашқы әскери және технологиялық дайындық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
![]() |
Коммунальное государственное учреждение «Центр туризма, физической культуры, начальной военной и технологической подготовки управления образования Акмолинской области» |
2025 жылғы 16–18 қыркүйек күндері Көкшетау қаласында «Ақмола облысы білім басқармасының туризм, дене шынықтыру, алғашқы әскери және технологиялық дайындық орталығы» КММ ұйымдастыруымен «Білім келешегі: адал азамат, кәсіби маман» атты облыстық конференция өтті.
Конференцияның мақсаты:
- спорттық-бұқаралық, әскери-патриоттық, экологиялық және туристік-өлкетану іс-шараларын ұйымдастыру тәжірибесін жетілдіру;
- оқу процесін тиімді жүргізу;
- педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру және алдағы оқу жылына жаңа жоспарлар талқылау.
Басты қонақтар мен спикерлер:
• Ботакөз Балапайқызы Дүйсенова, Ақмола облысы білім басқармасы басшысының орынбасары
• Қаз Нұрқуаныш Отанбекұлы – «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысы аппартатының басшысы.
Сонымен қатар, облыстық басқармалар мен әскери құрылым өкілдері, туризм және өлкетану саласының мамандары құнды ойларымен бөлісті.
Бағдарлама аясында өткен іс-шаралар:
• Пленарлық отырыс пен секциялық жұмыстар;
• Дене шынықтыру, алғашқы әскери дайындық, туризм, өлкетану және экология бағыттары бойынша шеберлік сыныптары мен көрсетілімдер өтті.
• Педагогтердің озық тәжірибелері таныстырылды;
• «Қауіпсіз мектеп» жобасы мен әскери-патриоттық іс-шаралардың жаңа үлгілері көрсетілді;
• Туризм, алғашқы әскери және технологиялық дайындық пен спорт саласында практикалық жаттығулар өткізілді;
• Экологиялық-өлкетану жобалары мен зерттеу жұмыстары таныстырылды.
Конференция соңында 2024–2025 оқу жылының қорытындысы бойынша педагогтер марапатталды.
Бұл конференция осы оқу жылын қарқынды бастауға үлкен серпін береді деп сенеміз!