09.10.2025
«Тең мүмкіндіктер» облыстық спорт фестивалі
9 қазан күні Көкшетау қаласында №13 «ЭКОС» мектеп-гимназиясы және №18 орта мектеп-лицейілерінде ерекше оқиға —
«Тең мүмкіндіктер» балалар инклюзивті спорт фестивалі өтті ! 💙
Бұл фестивальдің мақсаты —
ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар мен олардың құрдастарын спорт арқылы біріктіріп,
достық, өзара қолдау және тең мүмкіндік рухын насихаттау. 🤝
⚽ Бағдарламада:
• Бочча 🟢 (инклюзивті параспорт ойыны);
• «Біз жеңімпаз боламыз!» 🏃♀️ көңілді старттар;
• Жеңіл атлетика 🥇 (50, 100, 200 м қашықтыққа жүгіру).
Фестивальге 3–8 сынып оқушылары қатысты.
Әр командада 3 қатысушы, оның біреуі ерекше білім беру қажеттілігі бар бала ❤️
🎖 Жеңімпаздарды :
• «AMANAT» партиясының Ақмола облыстық филиалы,
• «Ақмола облысы білім басқармасы» ММ,
• «Ақмола облысы білім басқармасының туризм, дене шынықтыру, алғашқы әскери және технологиялық дайындық орталығы» КММ өкілдері марапаттады.
Командалар дипломдармен, медальдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды! 🏆
✨ «Тең мүмкіндіктер» – әр балаға жарқырауға мүмкіндік! 🌈
#ТеңМүмкіндіктер #ИнклюзивтіСпорт #АқмолаБілімБасқармасы #Amanat #АқмолаТуризмОрталығы #БәрінеБірдейМүмкіндік