«Ақмола облысы білім басқармасының  туризм, дене шынықтыру, алғашқы әскери және технологиялық дайындық орталығы»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение «Центр туризма, физической культуры, начальной военной и технологической подготовки  управления образования Акмолинской области»

 


Әлеуметтік желілердегі парақшаларымыз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Әскерилендірілген кросс – 2025»

15.10.2025

Ақмола облысында «Әскерилендірілген кросс – 2025» жарысы өтіп жатыр 

Республика күніне орай Ақмола облысының жалпы білім беретін мектептері мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында «Намыс» және «Жігер» спартакиадалары аясында «Әскерилендірілген кросс – 2025» облыстық жарысы өткізіліп жатыр.

Жарыстың ашылу салтанаты 15 қазан күні «Жас Дәурен» жыл бойы  жасөспірімдер мен балаларды сауықтыру орталығында өтті. Салтанатты шараға қатысушылар мен жаттықтырушылар, сондай-ақ білім беру ұйымдарының өкілдері қатысты.

Жарыстың мақсаты – жастардың әскери-қолданбалы дағдыларын дамыту, патриоттық сана мен Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру, сондай-ақ әскери мамандықтардың беделін көтеру болып табылады.

Қазіргі уақытта сайыс кезеңдері Сандықтау ауданындағы «Мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» базасында өтіп жатыр. Қатысушылар 2000 метр қашықтықта жүгіру, пневматикалық винтовкадан ату және граната лақтыру бойынша өз шеберліктерін көрсетуде.

Жарыс соңында үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар мен командалар кубоктармен, медальдармен және дипломдармен марапатталатын болады.

📍 Іс-шараны «Ақмола облысының білім басқармасының туризм, дене шынықтыру, алғашқы әскери және технологиялық дайындық орталығы» ұйымдастырып жатыр.

Просмотров: 927

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст