«Ақмола облысы білім басқармасының  туризм, дене шынықтыру, алғашқы әскери және технологиялық дайындық орталығы»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение «Центр туризма, физической культуры, начальной военной и технологической подготовки  управления образования Акмолинской области»

 


Әлеуметтік желілердегі парақшаларымыз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Әскерилендірілген кросс-2025

16.10.2025

«Әскерилендірілген кросс-2025» жарысының қорытындысы мен марапаттау рәсімі өтті
2025 жылғы 16 қазан күні, Ақмола облысы Сандықтау ауданындағы" ЖАС ДАУРЕН " жыл бойы балаларды сауықтыру лагерінде Республика күніне орай ұйымдастырылған «Әскерилендірілген кросс-2025» облыстық жарысы мәресіне жетті.

Жарыс «Намыс» және «Жігер» спартакиадалары аясында жалпы білім беретін мектептер мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының 14-17 жас аралығындағы ер балалар арасында өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – жастарды Отан алдындағы әскери борышын өтеуге физикалық және моральдық тұрғыдан даярлау, патриоттық сана мен әскери мамандыққа қызығушылықты арттыру болды.

Үш күнге созылған жарыс барысында қатысушылар 2000 метрлік қашықтықты жүгіріп, пневматикалық винтовкадан атып, граната лақтыру және айыппұл айналымдарын орындау арқылы өз күштерін сынады. Командалардың шеберлігі мен төзімділігін кәсіби төрешілер алқасы бағалады.

Қорытынды бойынша үздік нәтиже көрсеткен командалар мен жекелей сындарда ерекшеленген жасармияшылар:

Төрешілерге алғыс хат 

Үздік мерген номинациясында Новик Александр 
Патриоттық рух номинациясында Щучинск қаласының орман шаруашылығы экология және туризм жоғары колледжі
Жоғары тәртіп үлгісі номинациясында Жоғары аграрлы-технологиялық колледжі
Жеке есепте ІІІ орын Москаленок Андрей
Жеке есепте ІІ орын Беленц Иван
Жеке есепте І орын Мироненко Кирил

Жеңіске деген ерік жігері номинациясында  Щучинск  қаласының жоғары техникалық колледжі
Жалпы командалық есепте ІІІ орын  Щучинск қаласының  жоғары педагогикалық колледжі 
Жалпы командалық есепте ІІ орын  Ж.Мусина атындағы Көкшетау қаласыны жоғары қазақ педагогикалық коледжі
Жалпы командалық есепте І орын  Көкшетау қаласының жоғары техникалық колледжі
Аудан қала командалары
Үздік мерген номинациясында Ермакович Максим 
Патриоттық рух номинациясында Бөгембай батыр атындағы облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған мектебі
Жоғары тәртіп үлгісі номинациясында Шортанды ауданы
Жеке есепте ІІІ орын Оразбек Ерлан
Жеке есепте ІІ орын Егоров Данил
Жеке есепте І орын Қадыржан Дамир

Жеңіске деген ерік жігері номинациясында Атбасар ауданы
Жалпы командалық есепте ІІІ орын   Сандықтау ауданы
Жалпы командалық есепте ІІ орын  Бурабай ауданы 
Жалпы командалық есепте І орын  Көкшетау қаласы
Жарыстың ұйымдастырылуына Ақмола облысы білім басқармасының «Туризм, дене шынықтыру, алғашқы әскери және технологиялық дайындық орталығы» және жарыс өткізу базасы жауапты болды.

Мұндай жарыстар жастарды шыңдап қана қоймай, оларды ұйымшылдыққа, төзімділікке және отансүйгіштікке баулиды. Жарысқа қатысқан барлық жасармияшылар мен олардың жетекшілеріне алғыс білдіре отырып, келешекте жаңа жеңістер мен жетістіктер тілейміз!

Просмотров: 912


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст