17.10.2025
Ағымдағы жылдың 17 қазанында орталықтың әдістемелік кеңесінің кезекті отырысы өтті.
Отырыстың барысында педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыруға және білім беру үдерісінде инновациялық тәсілдерді енгізуге бағытталған әдістемелік құралдар қарастырылды.
Бағдарламаға сәйкес:
• Сагидолда О.М. – кіріспе сөз сөйлеп, отырыстың мақсат-міндеттерін атап өтті;
• Шамекешев Қ.И. және орталықтың әдіскерлері келесі әдістемелік құралдарды талқылауға ұсынды:
1. «Жалпы білім беретін мектептердегі дене тәрбиесі жүйесінде гимнастика мен фитнес-технологияларды ықпалдастыру»;
2. «Зияттық дамуында ауытқуы бар бастауыш сынып оқушыларының үйлесімділігін дамытуға арналған стандартты емес спорттық құрал-жабдықтарды пайдалану»;
3. «Жалпы білім беретін мектепте жеңіл атлетиканы оқыту».
Отырыс соңында әдістемелік кеңес мүшелері ұсынылған материалдарды талқылап, педагогтерге әдістемелік көмек көрсету мақсатында екі әдістемелік құралды облыстық деңгейде таратуға ұсыну туралы шешім қабылдады.