|
«Ақмола облысы білім басқармасының туризм, дене шынықтыру, алғашқы әскери және технологиялық дайындық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
![]() |
Коммунальное государственное учреждение «Центр туризма, физической культуры, начальной военной и технологической подготовки управления образования Акмолинской области» |
23.10.2025
22 қазан күні Атбасар қаласында "Жастар" спартакиадасы аясында 5–6 сынып оқушылары арасында өтетін Ұлттық мектеп лигасының футболдан облыстық финалы салтанатты түрде ашылды. ⚽
Бұл жарысқа Ақмола облысының үздік 8 командасы қатысуда. Олар:
🔹 Атбасар ауданы
🔹 Астрахан ауданы
🔹 Жарқайың ауданы
🔹 Зеренді ауданы
🔹 Шортанды ауданы
🔹 Целиноград ауданы
🔹 Көкшетау қаласы
🔹 Қосшы қаласы
Салтанатты ашылу рәсімінде:
👤 Ақмола облысы білім басқармасының туризм, дене шынықтыру, алғашқы әскери және технологиялық даярлық орталығының әдіскері — Исабаев Азамат Булатович
👤 Атбасар ауданы білім бөлімінің басшысы — Наймушина Наталья Григорьевна
👤 Аграрлы-индустриялық колледжінің директоры — Түлебаев Әскербек Жамантаевич жастарға жылы лебіздерін білдіріп, сәттілік тіледі.
Жарыс жас спортшылардың бірлігін, жігерін және шеберлігін шыңдай түсуге бағытталған. Барша қатысушыларға сәттілік тілейміз! 💪🏆
#АқмолаБілімБасқармасы #ҰлттықМектепЛигасы #ЖастарСпартакиадасы #Атбасар #Футбол2025