|
«Ақмола облысы білім басқармасының туризм, дене шынықтыру, алғашқы әскери және технологиялық дайындық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
![]() |
Коммунальное государственное учреждение «Центр туризма, физической культуры, начальной военной и технологической подготовки управления образования Акмолинской области» |
24.10.2025
Құрметті әріптестер, қадірлі отандастар!
Баршаңызды еліміздің басты мерекелерінің бірі — 25 қазан, Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл күн — қазақ халқының тәуелсіздік пен еркіндікке деген ұмтылысының, елдік пен бірліктің нышаны. 1990 жылы дәл осы күні қабылданған Мемлекеттік егемендік туралы декларация біздің жаңа тарихымыздың бастауына айналды. Ол құжат — тәуелсіз Қазақстанның іргетасы, ел тағдырын жаңа арнаға бұрған тарихи шешім болды.
Сол бір маңызды сәттен бері халқымыз талай сынақтардан сүрінбей өтіп, берік мемлекеттілігін қалыптастырды, әлем алдында өз орнын айқындады. Бұл жетістіктер — елдің бірлігі мен татулығының, еңбексүйгіш халқымыздың, парасатты басшыларымыздың ортақ жеңісі.Бүгінгі таңда Қазақстан — жаңа дәуірге нық қадам басқан, даму жолындағы мемлекет. Елімізде жас ұрпақтың бойында отаншылдық рух, жауапкершілік пен жаңашылдық қалыптасуда. Біз өткеннің тәжірибесінен нәр алып, келешекке үмітпен қараймыз. Өйткені ертеңіміздің жарқын болуы — бүгінгі еңбегіміздің нәтижесі.
Біздің міндетіміз — тәуелсіздіктің тұғырын берік ұстап, ел игілігі үшін адал қызмет ету. Әрқайсымыз өз саламызда еліміздің дамуына үлес қосып, қоғамның өркендеуіне атсалысуымыз қажет.
Құрметті әріптестер!
Осы мереке қарсаңында сіздерге және отбасыларыңызға мол табыс, зор денсаулық, амандық пен бақ-береке тілеймін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш, тәуелсіздігіміз мәңгі болсын!
Республика күні құтты болсын!
Ізгі ниетпен, “Ақмола облысының білім басқармасының туризм, дене шынықтыру , алғашқы әскери және технологиялық дайындық орталығы” КММ- ның басшысы , Сагидолда Орынбек Мамиевич!