«Ақмола облысы білім басқармасының туризм, дене шынықтыру, алғашқы әскери және |
Коммунальное государственное учреждение «Центр туризма, физической культуры, начальной военной и технологической подготовки управления образования Акмолинской области» |
Велосипед туризмін, құқықтық мәдениетті және оқушылардың қауіпсіз тәртіп құндылығын дамыту және танымал ету мақсатында – 2021 жылғы 17-21 мамырда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған үздік веложорық облыстық сырттай байқауы өткізілді.
Жарысқа 7 команда қатысты, веложорыққа қатысушылардың жалпы саны 53 адам.
Жарысқа Жарқайың (Державинск қ . БЖТО), Зеренді, Қорғалжын аудандары мен Көкшетау қалаларынан (« Әулет» МТЖО, Көкшетау қ. №19 ОМ, Красный Яр а.№3 ОМГ) және Степногорск командалары қатысты.
Бірінші орынды Көкшетау қаласының « Әулет» МТЖО командасы иеленді (жетекшілері: Букенов Ерік Қуанышбекұлы және Калашинов Жұмабай Нұғыманұлы).
Екінші орынды Жарқайың ауданының командасы иеленді (Державинск қ. БЖТО, жетекшісі – Марат Әскербекұлы Байбосинов).
Үшінші орынды Зеренді ауданының командасы иеленді ( Викторовка а. жалпы білім беретін мектебі, жетекшісі – Радченко Артем Вячеславович).
Веложорық қорытындысы бойынша қатысушылармен келесі материалдар ұсынылды: маршруттық парақтар, веложорық өткізу туралы жазбаша есептер, веложорық маршрутының картасы, веложорық өткізу туралы фото және видео есептер, өлкетану және зерттеу материалдары, өткізілген жорық туралы БАҚ және интернеттегі жарияланымдар және басқа материалдар.
Үздік веложорық сырттай байқау туралы ереженің талаптарына сәйкес келетін материалдарды Көкшетау қаласының « Әулет» МТЖО және Жарқайың ауданының Державинск қаласының БЖТО командалары ұсынды.
Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері бағалы сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды.