|
«Ақмола облысы білім басқармасының туризм, дене шынықтыру, алғашқы әскери және технологиялық дайындық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
![]() |
Коммунальное государственное учреждение «Центр туризма, физической культуры, начальной военной и технологической подготовки управления образования Акмолинской области» |
31.10.2025
🏆 “Жастар” спартакиадасы – Ұлттық спорт түрлерінен облыстық жарыс
2025 жылдың 28–31 қазан аралығында Республика күні мерекесіне орай Ақмола облысының жалпы білім беру ұйымдарының 9–11 сынып оқушылары арасында ұлттық спорт түрлерінен (асық ату, бес асық, тоғызқұмалақ) облыстық жарыс өтті.
📍 Зеренді ауданы, “Парус” балалар сауықтыру орталығы
Өңіріміздің 18 ауданынан келген спортшылар өзара бақ сынасып, үздіктер анықталды.
31 қазан күні жарыстың салтанатты жабылу және марапаттау рәсімі өтті.
✨ Жарыс нәтижелері:
•Асық ату:
🥇Зеренді ауданы
🥈 Қорғалжын ауданы
🥉 Көкшетау қаласы
•Бес асық:
🥇Есіл ауданы
🥈Көкшетау қаласы
🥉Бурабай ауданы
•Тоғызқұмалақ:
🥇Бурабай ауданы
🥈Целиноград ауданы
🥉Шортанды ауданы
Барлық қатысушыларды және жеңімпаздарды Ақмола облысы білім басқармасы атынан шын жүректен құттықтаймыз! 👏
Ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп, салауатты өмір салтын насихаттаудағы еңбектеріңізге сәттілік тілейміз! 🇰🇿
#АқмолаБілімБасқармасы #ЖастарСпартакиадасы #ҰлттықСпорт #РеспубликаКүні #АсықАту #БесАсық #Тоғызқұмалақ #Зеренді2025