«Ақмола облысы білім басқармасының туризм, дене шынықтыру, алғашқы әскери және |
Коммунальное государственное учреждение «Центр туризма, физической культуры, начальной военной и технологической подготовки управления образования Акмолинской области» |
2021 жылдың 9-10 маусым күндері қашықтық форматта «Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің республикалық форумы өткізілді.
Форумның басты мақсаты - білім алушыларды табиғатты қорғау қызметіне тарту, экологиялық мәдениетті және туған өлке табиғатына экологиялық бағдарланған қатынасты тәрбиелеу.
Форумға Қазақстанның Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан және 14 облыстарының өкілдері қатысты.
Ақмола облысының намысын біздің Орталықпен өткізілген облыстық экологиялық іс-шаралардың жеңімпаздары қорғады. Олар:Громова Мария, Пушкарев Роман, Лю Милана, Төлегенова Алтын, Шатрова Виктория,Гнатченко Кристина, Уалиев Нариман, Чореску Дарья, Сыздыкова Адия, Сокол Алина.
Форум бірнеше конкурстық номинациялардан тұрды:
1. «Туған өлке тарихы» виртуалды саяхат;
2. «Жасыл экономика»зерттеу жобаларының байқауы;
3. «Денсаулық және қоршаған орта» жобалар байқауы;
4. «Экоболашақ»көгалдандыру бойынша өткізілген экологиялық жұмыстар туралы бейнероликтер байқауы;
5. «Жасыл оазистер» экодизайнерлер байқауы;
6. «Жеңіс мамыры»панно немесе коллаж байқауы.
Бірінші күні «Туған өлке тарихы» номинациясы бойынша Степногорск қаласының балалар мен жасөспірімдер шығармашылықорталығының тәрбиеленушісі Пушкарев Роман пен Атбасар қаласы №3 жалпы білім беретін мектебінің 10 сынып оқушысы Громова Мария өз өлкесінің көрікті жерлері, табиғаты және қорық аумақтары, табиғат ескерткіштері, табиғат нысандары туралы виртуалды саяхаттарын 3-D форматта таныстырып шықты.
«Жасыл экономика» номинациясы бойынша Көкшетау қаласы №13 «ЭКОС» экологиялық мектеп гимназиясының 10 сынып оқушысы Лю Милана мен Жақсы ауданы Жақсы ауылының №2 жалпы білім беретін мектебінің 9 сынып оқушысы Төлегенова Алтын экологияны және қоршаған ортаны жақсарту, жасыл экономика, «жасыл» технологияларды қолдану, инновациялық «жасыл» жобаларды әзірлеу, енгізу, ынталандыру және насихаттау туралы зерттеу жобаларын қорғады.
Екінші күні «Денсаулық және қоршаған орта» номинациясына Атбасар қаласы №3 жалпы білім беретін мектебінің 8 сынып оқушысы Шатрова Виктория және Көкшетау қаласы №13 «ЭКОС» мектеп гимназиясының 8 сынып оқушысы Гнатченко Кристина адам денсаулығына қоршаған ортаның әсерін, қоршаған ортаны сақтауға бағытталған экологиялық акциялар мен табиғатты қорғау іс-шаралары туралы жобалар байқауына қатысты.
«Экоболашақ» номинациясы бойынша Аршалы ауданы Арнасай ауылының жалпы білім беретін мектебінің 8 сынып оқушысы Уалиев Нариман өз метебінде көркейту, көгалдандыру бойынша жүргізілген экологиялық жұмыстар, өткізілген экологиялық акциялар, жылыжай, мектеп жанындағы оқу-тәжірибелік телімдер бойынша бейнероликтер байқауына қатысты. «Жасыл оазистер» экодизайнерлер байқауы бойынша Жақсы ауданы Қима ауылының жас натуралистер станциясының тәрбиеленушісі Чореску Дарья «Жеңіске 30 жыл» саябағын флористикадан жасаған жұмысын ұсынды.
«Жеңіс мамыры»номинациясы бойынша Көкшетау қаласы №21 орта мектеп – лицейінің 11 сынып оқушысы Сокол Алина панно және коллаж арқылыКөкшетау қаласындағы «Даңқ аллеясының» көрінісін көрсетті.
Республикалық форум нәтижелерін салтанатты түрде жариялау 16 маусым күні онлайн-режимде өтті. Кәсіби қазылар алқасы, оның құрамына осы бағытқа байланысты мамандар кірді, ұсынылған жұмыстардың жоғары деңгейін атап өтіп, форум жеңімпаздарын жариялады.
Форумның қорытындысы бойынша біздің балалардың жеткен жетістіктері:
«Туған өлке тарихы» номинациясы- Степногорск қаласының балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығының тәрбиеленушісі Пушкарев Роман 2 орынға ие болды.
«Экоболашақ» номинациясы- Аршалы ауданы Арнасай ауылының жалпы білім беретін мектебінің 8 сынып оқушысы Уалиев Нариман 2 орын алды.
Жеңімпаздар дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Форумға қатысушылардың барлығына сертификат берілді.