«Ақмола облысы білім басқармасының туризм, дене шынықтыру, алғашқы әскери және |
Коммунальное государственное учреждение «Центр туризма, физической культуры, начальной военной и технологической подготовки управления образования Акмолинской области» |
Ақмола облысының білім басқармасы жанындағы «Облыстық балалармен жасөспірімдер туризмі, өлкетану және экология орталығы», Ақмола облысы мәдениет, архивтер және құжаттамалар басқармасының «Ақмола облыстық тарихи- өлкетану музейімен бірлесіп Рухани жаңғыру бағдарламасының «Тарих мұрасы» кіші жобасын жүзеге асыру аясында 2021 жылдың 15 – 30 маусым күндері аралығында Зеренді ауданы, Қызыл жар қонысында археологиялық қазба жұмыстарын өткізуде.
Археологиялық қазба жұмыстарын өткізудің мақсаты табиғи, антропогендік фактордың салдарынан жойылып кету қаупі төнген қорғандарда, ежелгі қоныстарда зерттеу және қорғау-құтқару жұмыстары, сондай-ақ патриотизмді тәрбиелеу, өскелең ұрпақтың бойында тарих, мәдениет және археология ескерткіштеріне ұқыпты қарауды қалыптастыру болып табылады.
Археологиялық қазба жұмыстарына Зеренді, Жақсы аудандарының жалпы орта білім беретін мектептерінен 35 адам қатысуда.