«Ақмола облысы білім басқармасының  туризм, дене шынықтыру, алғашқы әскери және
технологиялық дайындық орталығы»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение «Центр туризма, физической культуры, начальной военной и технологической подготовки  управления образования Акмолинской области»

 


Әлеуметтік желілердегі парақшаларымыз

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Экологиялық соқпақ "сырттай облыстық конкурсы туралы ақпарат

30.06.2021

Облыстық «Экологиялық соқпақ» байқауының қорытындысы.

 

Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі, өлкетану және экология орталығы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында 2021 жылдың 28-30 маусым аралығында «Экологиялық соқпақ» облыстық байқауын сырттай өткізді.

 

Байқаудың мақсаты: балалар мен жастарда азаматтылық пен отаншылдық сезімдерін тәрбиелеу, экспедициялық жасақтардың туристік қызметін жандандыру жолымен салауатты өмір салтын насихаттау.

Міндеттері:

1) ізгі ниетті, ашық және көп мәдениетті жеке тұлғаны тәрбиелеу;

2) балаларды туған өлкенің тарихи, экологиялық, мәдени және рухани мұрасын зерттеуге тарту;

3) белсенді және талантты білім алушыларды анықтау, білім алушылардың белсенді табиғатты қорғау қызметінің дағдыларын ынталандыру;

4)  облыстың үздік балалар экспедициялық жасақтарын анықтау;

5) экологиялық жұмыстың дәстүрлі формаларын сақтау және жетілдіру, инновациялық формалары мен әдістерін дәріптеу;

6) облыстағы оқушылардың экологиялық бірлестіктерінде жинақтаған озық тәжірибелерін жалпылау және тарату;

7) балаларды экологиялық іс-шараларға араластыру арқылы қосымша білім беру жүйесіндегі қамтылуын көтеруге жағдай жасау.

 

Облыстық байқауға Ақкөл ауданы Урюпинка ауылы «Балабақша-мектеп-интернат» арнайы кешенінен және Аршалы, Атбасар, Біржан сал, Жақсы, Жарқайың, Зеренді, Сандықтау, Целиноград аудандарынан және Степногорск қаласынан 54 оқушы қатысты.

Әділқазылар алқасының құрамына кірген педагогтар: Биндевальд Дмитрий Андреевич – Есіл ауданы Красивинка орта мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі және «Параллель» туристік-өлкетану үйірмесінің жетекшісі; Абдина Замзагуль Жакудаевна – Аршалы ауданы Арнасай ауылының жалпы білім беретін мектебінің тәрбие жұмысы бойынша директордың орынбасары және математика мұғалімі;  Өнерхан Айнұр – Шортанды ауданы Шортанды кентінің №3 жалпы білім беретін мектебінің география пәнінің мұғалімі. 

Экологиялық соқпақ - бұл әртүрлі экологиялық жүйелер мен басқа да табиғи нысандар арқылы өтетін арнайы жабдықталған маршрут.

Экологиялық соқпақты ұйымдастыру - экологиялық мәдениетті қалыптастырудың және адамдардың табиғаттағы жауапты мінез-құлқының бір түрі. Осындай соқпақтардың көмегімен балалардың қоршаған орта (өсімдіктер мен жануарлар әлемі, жердің геологиялық құрылымы және т.б.) туралы білімі тереңдеп, кеңейеді, экологиялық және басқа да табиғи процестердің заңдылықтарын түсінуді жетілдіріледі. Бұл балалардың қоршаған ортаны сақтау

жауапкершілігін арттырады, табиғатқа, өз Отанына деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеуге ықпал етеді.

Байқауға қатысушылар өз аймағында экологиялық экспедиция жасады. Экологиялық карта жасап, жергілікті жерде әзірленген бағыт бойынша Экологиялық соқпақтан өтіп, шартты белгілермен плакатқа түсіріп белгіледі. Балалар жергілікті жерге бақылау және зерттеу жүргізді, флора және фауна, экологиялық бұзушылықтар, дәрілік өсімдіктерді зерттеп  «Жасыл дәріхана» жинады.

Ал экологиялық есеп беруде экспедиция күнделігін, зерттеу нәтижелерін көрсете отырып, олар өз аймағының экологиялық ерекшеліктеріне сипаттама берді, әрі өзінің практикалық үлесін көрсетті. Экологгиялық соқпақта акциялар, абаттандыру, көгалдандыру жұмыстары, аумақтарды жинау, экологиялық десанттар жүргізілді.

 

 

 

Просмотров: 293


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст