«Ақмола облысы білім басқармасының туризм, дене шынықтыру, алғашқы әскери және |
Коммунальное государственное учреждение «Центр туризма, физической культуры, начальной военной и технологической подготовки управления образования Акмолинской области» |
2021 жылдың 21-23 қыркүйек күндері «Менің Отаным - Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтардың республикалық слеті қашықтық форматында өткізілді.
Ұйымдастырушысы - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің тапсырмасы бойынша Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы.
Слеттің мақсаты балалар мен жастарда азаматтық пен отаншылдық сезімдерін тәрбиелеу, экспедициялық жасақтардың туристік қызметін жандандыру жолымен салауатты өмір салтын насихаттау болып табылады.
Слетке Қазақстанның он төрт облысы және республикалық маңызы бар Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларынан 17 команда қатысты. Қатысушылардың жалпы саны 170 адам.
Ақмола облысынан 8 номинация бойынша қатысқандар:
«Бард әндері» байқауы – Ақмола облысы Көкшетау қаласы Мәлік Ғабдуллин атындағы №3 мамандандырылған гимназиясының 9 сынып оқушысы Нұрмағамбет Жансая («А все кончается» әні).
Өлкетану блогы:
«Жас өлкетанушы» номинациясы – Зеренді ауданы Зеренді ауылы Мәлік Ғабдуллин атындағы мектеп-гимназиясының 6 сынып оқушысы Ерғали Мадина («Генерал- Нұғыманов Марат Серәліұлы» жобасы);
«Туған өлке соқпақтары» номинациясы – Есіл ауданы Красивое ауылының жалпы білім беретін мектебінің 5 сынып оқушысы Биндевальд Даниэль («Есіл өзені бойынша ағызу» жобасы»);
«Ең керемет туристік өлке» номинациясы – Степногорск қаласының балалар- жасөспірімдер шығармашылық орталығының оқушысы Пушкарев Роман («Степногорск тарихының беттері бойынша» жобасы).
Экологиялық блок:
«Туған өлке тарихы» номинациясы - Степногорск қаласы Шантөбе кентінің В.Комаров атындағы жалпы білім беретін мектебінің 10 сынып оқушысы Зацарина Диана (3D элементтерін пайдалана отырып, өз өлкесінің виртуалды туристік маршрутының презентациясы);
«Экологиялық соқпақ» номинациясы - Степногорск қаласы Қырық құдық ауылының жалпы білім беретін мектебінің 11 сынып оқушылары Гусак Полина мен Фролова Юлия («Қырық құдық төңірегіндегі інжу-маржандар» жобасы).
Туристік блок:
«Жорықта зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету» номинациясы – Бурабай ауданы Щучинск қаласының №1 мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушысы Калашников Кирилл мен Жоғары техникалық колледжінің 2 курс студенті Владимирова Виктория;
«Туризм білімпаздары» номинациясы - Бурабай ауданы Щучинск қаласының №2 жалпы білім беретін мектебінің 10 сынып оқушысы Вопке Виктория.
Слет қорытындысы бойынша жеңімпаздарды жариялау онлайн режимінде өтті.
«Жас өлкетанушы» номинациясы бойынша Ерғали Мадина 2 орын, «Экологиялық соқпақ» номинациясы бойынша Гусак Полина мен Фролова Юлия 2 орын алды.
Барлық қатысушыларға сертификаттар берілді, жеңімпаздар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен, жеңімпаздарды дайындаған жетекшілер алғыс хаттармен марапатталды.
Даиров Сәкен Ерболұлы,
Өтебаева Жұлдыз Тұрсынбекқызы,
Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі,
өлкетану және экология орталығының әдіскерлері