«Ақмола облысы білім басқармасының  туризм, дене шынықтыру, алғашқы әскери және технологиялық дайындық орталығы»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение «Центр туризма, физической культуры, начальной военной и технологической подготовки  управления образования Акмолинской области»

 


Әлеуметтік желілердегі парақшаларымыз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Жас тарихшылар мен өлкетанушылардың» облыстық форумы

06.12.2021

 

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Тарих мұрасы» кіші жобасын іске асыру аясында Ақмола білім басқармасы жанындағы Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі, өлкетану және экология орталығының ұйымдастырумен 2021 жылдың 2-3 желтоқсан күндері аралығында Ақмола облысының жалпы білім беретін мектеп оқушыларының қатысуымен онлайн форматта «Жас тарихшылар мен өлкетанушылардың»  облыстық форумы өтті.

Екі  күндік іс-шараға облысымыздың 19 аймағынан 3 номинация бойынша 60-қа жуық оқушы қатысты. Форумның бірінші күні қатысушылар онлайн форматта «Менің кіші Отанымның тарихы», «Кіші Отанымның символы» номинацияларын қорғады, ал «Менің туған өлкем» эссе байқауын әділ қазылар мүшелері сырттай бағалап өтті.

            Форумның екінші күні Ресей Федерациясының қатысуымен жас тарихшылар мен өлкетанушылардың облыстық форумының халықаралық пленарлық отырысы өтті.

            «Жас тарихшылар мен өлкетанушылардың» облыстық форумының халықаралық пленарлық отырысының модераторы республикалық, облыстық, қалалық байқаулардың, олимпиядалардың, сайыстардың, ғылыми жобалардың жеңімпазы «Елбасы медальінің» иегері, «Үздік аттестатқа» үміткер Көкшетау қаласының № 10 жалпы білім беретін мектебінің 11 сынып оқушысы Подвительская Милана қазақ тілінде жүргізді.

Ресей Федерациясының Нововаршав муниципалдық ауданының Қараөзек жалпы білім беретін негізгі мектебінің бастауыш сынып мұғалімі  Жұлдыз Кеңесқызы Қараөзек ауылының қазақтарының ұлттық мәдени мұраны зерттеу, насихаттау жолдары мен оны жетілдіру жұмыстары жайлы тоқталып өтті.  

Келесі болып Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің филология ғылымдарының кандидаты, доцент Қажыбаева Гүлден Кеңесқызы «Көкше өңірінің мәдени – танымдық  туризмді насихаттау» жолдары жайлы баяндап өтті.

2021 жылдың жазында Ботай мәдениетінің Красный яр қонысы мен Атбасар ауданы Магдалиновака 1 қорғанындарында Зеренді, Атбасар, Жақсы, Жарқайың аудандарының оқушылары мен мұғалімдерінің қатысуымен өткен археологиялық маусым барысында атқарылған жұмыстар жайлы Ақмола облыстық тарихи – өлкетану музейінің жалпы тарих, археология және этнография бөлімінің аға қызметкері Укеев Жасұлан Кәрімұлы бөлісті.

Көкшетау қаласы Абай атындағы дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп – интернатының 10 сынып оқушысы Қажмұқанова Фариза  «Тәуелсіздік – белесіндегі Көкшетау»  тақырыбындағы баяндамасын жұртшылық назарына ұсынды.

Жастардың бойында Кіші Отанының тарихи өткені  туралы білімдерін кеңейту мақсатында жасөспірімдерді археологиялық қазба жұмыстары мен далалық зертханадағы ғылыми – зерттеу жұмыстары жайлы Атбасар ауданы Бастау ауылының № 1 жалпы орта білім беретін мектебінің тарих пәнінің мұғалім Суюнов Азамат Смағұлұлы жан-жақты талдап өтті.

Қазақ тарихында өзінің туған жерін, елін, Отанын қорғаған батырлар көп. Сондай батырлардың бірі Баубек батырдың қайсар ерлігі туралы құнды мағлұматтпен Ақмола облысы Жақсы ауданы Жақсы ауылының № 1 жалпы орта білім беретін мектебінің 10 сынып оқушысы баяндады.

Форумның соңында келесі ұсынымдар ұсынылып бекітілді.

1.Ресей Федерациясы Омбы облысының Қараөзек ауылының жалпы білім беретін мектебінің оқушыларын 2022 жылдың археологиялық қазба жұмыстар  маусымына шақыру;

2.Оқушылардың өлкетану бағытындағы ғылыми – зерттеу жұмыстарын, жобаларын  анықтау, оларды насихаттау;

3.Мектеп оқушыларына танымдық, тәрбиелік маңызы бар қызықты болатын іс – шараларды ұйымдастыру;

4.«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыруға бағытталған тарихи – туристік – өлкетану іс-шараларын (форумдар, туриадалар, марафондар, акциялар және басқа да іс – шараларды) өткізу.

Форум соңында барлық спикерлерге мазмұнды, танымдық баяндамаларымен бөліскені үшін Ақмола облысы білім басқармасының алғыс хаттары табысталды.

 

Просмотров: 360


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст