«Ақмола облысы білім басқармасының туризм, дене шынықтыру, алғашқы әскери және |
Коммунальное государственное учреждение «Центр туризма, физической культуры, начальной военной и технологической подготовки управления образования Акмолинской области» |
Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі, өлкетану және экология орталығы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру аясында 2021 жылдың 02 – 03 желтоқсан күндері аралығында Облыстық «Жас тарихшылар мен өлкетанушылардың» сырттай форумы өткізді.
Форумның бірінші аудандық, қалалық кезеңінен өткен Ақкөл, Аршалы, Астрахан, Атбасар, Бурабай, Біржан сал, Егіндікөл, Ерейментау, Есіл, Жақсы, Жарқайың, Зеренді, Қорғалжын, Сандықтау, Целиноград, Шортанды аудандары мен Степногорск, Көкшетау қаласы және Көкшетау қаласы Абай атындағы № 3 мамандандырылған мектеп - интернатынан 60-қа тарта қатысушы бәйгеге түсіп бақтарын сынады.
Форум қатысушыларының жұмысын Көкшетау қаласының № 17 мектеп – гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Каиржанов Сакен Мейрамұлы, Атбасар ауданы Бастау ауылының № 1 жалпы орта білім беретін мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Суюнов Азамат Смағұлұлы, орталық директорының әдістемелік жұмыстары бойынша орынбасары Лейла Кенжебайқызы және орталықтың әдіскері Жұлдыз Тұрсынбекқызы бағалады.
Байқау 3 номинация бойынша өткізілді: «Менің кіші Отанымның тарихы» - бұл номинацияда қатысушылар өздерінің елді мекеннің тарихын (географиялық атауы, құрылу тарихы, негізгі даму кезеңдері, ауданның табиғи-климаттық ерекшеліктері, тұрғындары, әлеуметтік саланың кәсіпорындары мен мекемелері туралы, көрікті жерлер және т.б.) форматында ашып көрсетіп, бейне репортаждар ұсынды.
«Менің кіші Отанымның символы» - бұл номинацияда байқау қатысушылары жануарға, өсімдікке, адамға, құбылысқа және т.б. туралы бейнебаян ұсынды.
«Менің туған өлкем» - номинация бойынша қатысушылар өздерінің елді мекені туралы эссе жазды.
Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанған 9 оқушы Ақмола облысы білім басқармасының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталды. Оның ішінде І дәрежелі дипломға - 3 оқушы, ІІ дәрежелі дипломға - 3 оқушы, ІІІ дәрежелі дипломға – 3 оқушы ие болды.
Жүлдегерлерді жеңістерімен құттықтаймыз, алдағы уақытта да табыс тілейміз. Байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлер тізімі төменде көрсетілген.
«Менің кіші Отанымның тарихы»
1 – орын Кимасов Никита Шортанды ауданы (Жолымбет к. №1 ЖББМ);
2 – орын Тұрсынбай Ақерке Біржан сал ауданы (Мақпал а. НОМ);
3 – орын Лукьянова Ангелина, Подвительская Милана (Көкшетау қ. ЖОМ).
«Менің кіші Отанымның символы»
1 – орын Муратов Нуржан Атбасар ауданы (Атбасар қ. № 2 ОМ);
2 – орын Омурзакова Таис Жақсы ауданы (Жақсы а. № 2 ЖОМ);
3 – орын Каракоз Люда Зеренді ауданы (Красный кордон а. ЖОМ).
«Менің туған өлкем»
1 – орын Естай Мадина Бурабай ауданы (Щучинск қ. № 6 ЖБМ);
2 – орын Васюнина Елизавета Сандықтау ауданы (Каменка а. ЖОМ);
3 – орын Қайрат Жансая Көкшетау қ.(Абай атын № 3 ОДБММИ).