«Ақмола облысы білім басқармасының туризм, дене шынықтыру, алғашқы әскери және |
Коммунальное государственное учреждение «Центр туризма, физической культуры, начальной военной и технологической подготовки управления образования Акмолинской области» |
2021 жылдың 7-9 желтоқсан күндері Нұр-Сұлтан қаласының әл-Фараби атындағы оқушылар сарайында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығымен 5-8 сынып оқушыларына арналған «Pro Eсo» экологиялық жобалар конкурсы өткізілді.
Конкурстың мақсаты: оқушыларды әлеуметтік жауапкершілікке тәрбиелеу және экологиялық сауаттылықты арттыру, экологиялық мәдениет қалыптастыру, табиғатты қорғау қызметіне бейімдеу, мектеп оқушыларының интеллектуалдық –шығармашылық әлеуетін ынталандыру.
Конкурсқа республиканың Нұр-Сұлтан, Шымкент, Алматы қалаларының және 14 облыстың командалары қатысты. Конкурстың қазылар құрамына университет оқытушылары енді.
Конкурс 4 бағыт бойынша өтті:
Ақмола облысының намысын Көкшетау қаласы №21 мектеп-лицейінің 7 сынып оқушылары Евлоев Ибрагим, Асеев Даниил, 8 сынып оқушылары Антонова Дарья, Луценко Марина және Степногорск қаласы дарынды балаларға арналған №4 облыстық мамандандырылған «Болашақ» мектеп интернатының 8 сынып оқушысы Қабдолла Жанайым қорғады.
Конкурстың бірінші күні әл-Фараби атындағы оқушылар сарайында концерттік бағдарламамен конкурстың ашылу салтанаты өткізіліп, облыс командаларын таныстырып өтті. Кешке команда жетекшілерімен дөңгелек үстел өткізілді.
Екінші күні оқушылар барлық бағыт бойынша жобаларын қорғады. Конкурс қатысушылары үшін оқушылар сарайына экскурсия ұйымдастырылып, сарайдың жұмыс барысы туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар қатысушылар Нұр-Сұлтан қаласының №70 жалпы білім беретін мектебінде өткізілген психологиялық тренингтерге қатысты.
Үшінші күні барлық қатысушылар Қазақстан Республикасының Ұлттық музейіне экскурсияға барды. Экскурсияда Елбасымыздың өмір жолынан қызықты мәліметтер алып, тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу жолы туралы тарихи танымдық деректермен танысты.
Конкурстың жабылу салтанаты әл-Фараби атындағы оқушылар сарайында өткізілді. Республикалық конкурстың нәтижесі бойынша Көкшетау қаласы №21 мектеп-лицейінің 7 сынып оқушысы Евлоев Ибрагим «Туған өлке табиғаты» бағыты бойынша 3 дәрежелі дипломмен марапатталды және естелік сыйлық табысталды. Қалған оқушылар грамотға ие болды. Конкурстың барлық қатысушыларына сертификат берілді.