«Ақмола облысы білім басқармасының  туризм, дене шынықтыру, алғашқы әскери және технологиялық дайындық орталығы»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение «Центр туризма, физической культуры, начальной военной и технологической подготовки  управления образования Акмолинской области»

 


Әлеуметтік желілердегі парақшаларымыз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Археологиялық өлкетану «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында туған өлкені зерттеудің элементі ретінде» (тарих, география пәнінің мұғалімдеріне, өлкетану үйірмелері мен мектеп музейлерінің жетекшілеріне арналған) облыстық семинардың қорытындысы

03.03.2022

2022 жылдың 28 ақпаны күні ZOOM платформасында Ақмола облысының білім беру ұйымдарының өлкетану бағытында жұмыс істейтін педагогтарына, тарих пәнінің мұғалімдеріне, музей және өлкетану үйірмелерінің жетекшілеріне, аудандық білім бөлімдерінің әдіскерлеріне арналған облыстық семинар өткізілді.

Облыстық семинарға Ақмола облысы білім беру ұйымдарынан 70 – ге тарта педагогттар мен үйірме жетекшілері қатысты.

Семинардың мақсаты:

Оқушыларды археологиялық және өлкетану біліміне араластыру, археологиялық зерттеу әдістемесімен таныстыру, археологияға қызығушылық танытқан оқушыларды тарих және археология бойынша облыстық, республикалық және халықаралық деңгейдегі ғылыми-зерттеу жобалар конкурсына дайындау, жас ұрпақты туған өлкенің табиғи және мәдени-тарихи мұрасына деген құндылықты қарым-қатынас жасауға тәрбиелеу, жас ұрпаққа өзі мекен еткен табиғи ортаның қадір-қасиетін жете түсінуге баулу.

Жас ұрпақты әлеуметтік белсенділікке, туған өлкесінің мәдениеті мен тарихына деген сүйіспеншілікке, қоғамның мәдени, әлеуметтік өміріне белсенді қатысуына үйрету.

Семинардың міндеттері:

- қалыптан тыс шығармашылық ойлау қабілеті бар, ғылыми-зерттеу жұмыстарға бейімді дарынды оқушыларды анықтау, олардың ғылыми және жобалау ізденістерін әрі қарай дамыту және қолдау;

- археологиялық қазба әдістемесімен танысу, оқушылардың әр түрлі археологиялық материалдармен жұмыс жүргізу қағидасын меңгеруі, тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғаудың негіздерімен танысу;

- оқушылардың далалық зерттеулерге тікелей қатысуы негізінде археологиялық ескерткіштерді тарихи мәліметтер алудың дереккөзі ретінде кәсіби қабылдауын қалыптастыру;

- оқушылардың танымдық белсенділіктерін, оқыту-ғылыми және ізденіс-зерттеу әрекеттерін дамыту;

- археологиялық қазба жұмыстары өтетін жерлерде ғалымдармен, оқытушылармен, студенттермен және оқушылармен тікелей қарым-қатынас пен ынтымақтастық арқылы жеке тұлғаға бағытталған оқыту жағдаяттарын құру;

- Ақмола облысының тарихы мен мәдениетін көпшілікке тарату.

Орталық директоры Арман Ғалымтайұлы Умурзаков облыстық семинар қатысушыларын құттықтау кезінде облыс бойынш жазғы археологиялық қазба жұмыстарының маңыздылығына көңіл бөлу керектігіне тоқталды.

Облыстық семинарда жазғы археологиялық жұмыстар бойынша өздерінің жұмыстарымен тәжирбиесін аламасу мақсатында Қорғалжын, Жақсы, Жарқайың аудандарының мұғалімдері мен Ақмола облыстық тарихи – өлкетану музейінің қызметкері өздерінің баяндамаларын оқып жұмыстарымен бөлісті.

Облыстық семинар қорытындысы бойынша келесі ұсыныстар ұсынылып қабылданды:

         1. Мектеп оқушыларының қазақстандық патриотизмін қалыптастыру үшін өз өлкесіндегі мәдени мұра нысандарын пайдалану керек.

         2. Мектеп мұғалімдері мен өлкетану үйірмелерінің жетекшілеріне, мектеп музейлерінің жетекшілеріне ұсынылған бағдарламалар бойынша тұрақты жұмыс істейтін үйірмелер ұйымдастыру керек.

         3. Үйірме жетекшілері мен тарихи - өлкетану іс-әрекеттерін ұйымдастырушы мұғалімдерге археологиялық-өлкетану іс-әрекеттерін ұйымдастырып, оқушыларды қазақстандық патриотизмге тәрбиелейтін жұмыс формаларын өткізуге байланысты білімдерін жетілдіру мақсатында арнайы семинарлар, курстар өткізу қажет.

Просмотров: 319


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст