«Ақмола облысы білім басқармасының  туризм, дене шынықтыру, алғашқы әскери және
технологиялық дайындық орталығы»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение «Центр туризма, физической культуры, начальной военной и технологической подготовки  управления образования Акмолинской области»

 


Әлеуметтік желілердегі парақшаларымыз

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Мектеп – өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беру және өлкетану жұмыс орталығы» семинар – практикумы

27.02.2019

Елбасымыздың «Болашаққа бағдар:рухани  жаңығыру» бағдарламасы аясында ағымдағы жылдың  14-15 ақпан  күндері аралығында Бурабай ауданы, Қатаркөл а., «Звездный» БСО Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі, өлкетану және экология орталығының ұйымдастырумен тарихшылар мен өлкетанушыларға және мектеп музей  жетекшілеріне арналған «Мектеп – өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беру және өлкетану жұмыс орталығы»  атты облыстық семинар – практикум өткізілді.

Орталық директорының орынбасары Толуспаева  Лейла Кенжебаевна өзінің кіріспе сөзінде Қазақ жастарының тариха деген дұрыс ұстанымын қалыптастыру жастардың бойында өз туған жеріне, кіші отанына деген сүйіспеншілікті  сол арқылы түп тарихымызды білуге, ұлттық тарихимызға терең үңіліп, оның күрмеулі түйінін шешуге мүмкіндік туады. Қазақстан тарихы да жеке жұрнақтарымен емес тұтастай қалпында қазіргі заманауи ғылым тұрғыдан қарағанда түсінікті болуы тиіс. Оған қажетті дәйектеріміз де жеткілікті. Айтқалы отырған зор мәдени жетістіктер шоғыры даламызға сырттан келген жоқ, керісінше, көпшілігі кең байтақ өлкемізде пайда болды деп өз сөзін қортындылады.

​ 

Ал, Жақсы ауданы Запорожье орта мектебінің тарих мұғалімі Аштаев Ілияс Серікұлы облысымызда алғашқылардың бірі болып, Жақсы ауданында «Виртуалды музей» жобасының іске асырылғандығы жайлы айтты.

Елбасымыздың «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында Жақсы ауданының он мектебінде бүгінгі күні Виртуалды музей жобасы өз жұмысын атқаруда.

Семинарымыздың келесі сұрағында Щучье қаласының тарихи – өлкетану музейінің меңгерушісі Шамиғанова Гүлден Өмірғалиқызы «Мектеп музейлерін паспорттау» жайлы ақпаратпен бөлісті. Облыстық тарихи – өлкетану музейі директорының орынбасары Құнанбаева Алма Сұңғатқызы оқушылардың музей ішінен өздеріне қажетті ақпаратты алып, білімдерін толықтыру жайлы өзінің мол тәжірбиесімен бөлісіп пікір алмасты.

Көкшетау қаласы Жоғары медициналық колледжінің музей жетекшісі Сапиева Разия Қуандыққызы мектеп музейлерінің негізгі мақсаты ұлы тұлғалардың еңбектерін, өздері тұрып жатқан елді мекеннің бай тарихынан сыр шертетін, суреттері мен құжаттарын жинап, оны сақтау насихаттауды жүзеге асыру жайлы көптеген мәліметтермен бөлісті.

Зеренді ауданы Мәлік Ғабдуллин атындағы қазақ орта мектебінің тарих мұғалімі Нұрсеітов Талғат Олжабайұлы мектептегі өлкетану музейінің жұмысы мен жазғы демалыс уақытында мектеп оқушыларымен  археологиялық қазба жұмыстрында атқарлған іс – шаралар туралы айтты.

Соңғы болып Атбасар ауданы Шуйское ОМ жас маманы тарих мұғалімі Анисимов Андрей Владимирович Республикалық үздік музей жобасына қатысқандығы жайлы айтып, мектептегі ауыл тарихынан сыр шертетін музей жұмысына баяндама жасады.

Облыстық семинар – практикумына облысымыздың мектептері мен колледждерінен 65 тыңдаушы қатысты. Семинар соңында қатысушыларға сертификаттар берілсе,  ал баяндамашыларға Облыстық білім басқармасының басшысы атынан алғыс хаттар мен «Абылай хан» энциклопедиясы сыйға тартылды. Бүгінгі таңда облысымыздың білім беру ошақтарында 237 музей жұмыс істейді. Алдағы уақытта еліміздің тарихи – мәдени құндылықтарын  сақтап қалу аясында  облысымыздың барлық білім беру ұйымдарында  музейлер ашу  жоспарда бар.

Просмотров: 590


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст