«Ақмола облысы білім басқармасының  туризм, дене шынықтыру, алғашқы әскери және технологиялық дайындық орталығы»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение «Центр туризма, физической культуры, начальной военной и технологической подготовки  управления образования Акмолинской области»

 


Әлеуметтік желілердегі парақшаларымыз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Дүниежүзілік Жер күніне арналған облыстық экологиялық мұражайлар Фестивалі

18.03.2022

Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы  Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі, өлкетану және экология орталығы 2022 жылдың 15-16 наурыз күндері Дүниежүзілік Жер күніне арналған облыстық экологиялық мұражайлар Фестивалін өтті.

Фестивальдің мақсаты мен міндеттері:

- балалар мен жасөспірімдерде қоршаған табиғатқа бей-жай қарамайтын көзқарасты ояту;

-  балалардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру;

- әр түрлі дәстүрлі емес (қажет емес) материалдардан жасалған қолөнер байқауына қатысу арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту;

- педагогтардың, балалар мен олардың ата-аналарының бірлескен шығармашылығын жандандыру.

Облыстық экологиялық мұражайлар фестиваліне облыстың Аршалы, Ақкөл, Атбасар, Біржан сал, Бурабай,  Ерейментау, Жақсы, Зеренді, Сандықтау, Целиноград аудандары және Көкшетау, Степногорск қалаларының жалпы білім беретін мекемелері, Сандықтау ауданы Сандықтау ауылының қиын өмір жағдайындағы балаларды қолдау облыстық орталығы,  техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары қатысты.

Облыстық экологиялық мұражайлар Фестивалінің қорытындысы бойынша анықталған жеңімпаздар:

1 орын – Атбасар қаласы №5 жалпы орта білім беретін мектебі;

2 орын -  Степногорск қаласы №2 А.Байтұрсынұлы атындағы жалпы орта білім беретін мектебі;

3 орын –  Аршалы ауданы Арнасай ауылының жалпы орта білім беретін мектебі;

                 Жақсы ауданы Тарасовка ауылының жалпы орта білім беретін  мектебі.

Сандықтау ауданының Сандықтау ауылындағы қиын өмірл жағдайындағы балаларды қолдау облыстық орталығы арнайы сыйлыққа ие болды.

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары арасында:

1 орын - Зеренді ауданы Чаглинка селосының жоғары агротехникалық колледжі;

Бурабай ауданы Щучинск қаласының Щучинск қаласының жоғары орман шаруашылығы, экология және туризм колледжі және Шортанды ауданы Бозайғыр ауылының «Колледж- мектеп-интернаты»қатысқаны үшін ынталандырылды.

Облыстық экологиялық Фестиваль жеңімпаздары Ақмола облысы білім басқармасының дипломдарымен және микроскоптар, чемодандағы зертханалар, ұйықтайтын қаптар сияқты естелік сыйлықтармен марапатталды.

Просмотров: 292


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст