«Ақмола облысы білім басқармасының туризм, дене шынықтыру, алғашқы әскери және |
Коммунальное государственное учреждение «Центр туризма, физической культуры, начальной военной и технологической подготовки управления образования Акмолинской области» |
2019 жылдың 28-30 наурыз аралығында Бурабай ауданы Қатаркөл ауылы «Звездный» БСО «Рухани жанғыру» бағдарламасының аясында «Менің кіші Отаным» облыстық тарихи – әдеби байқауы өтті.
Байқаудың негізгі мақсаты жаңа ұрпақтың бойында патриоттық идеяларын қалыптастыру, өзін – өзі анықтауды және өзінің шағын Отанына деген мақтанышын тәрбиелеу.
«Менің кіші Отаным» тарихи – әдеби байқауына облысымыздың әр аймағынан келген 90 мектеп оқушылар мен колледж студенттері «Менің ауылымның тарихы», «Тамаша шежіре», «Шағын Отанымның нышаны», «Мен армандаған ауыл – болашақ ауылы», «Бүгінгі заман ақындары» номинациялары бойынша ұсынылған жұмыстарын қорғады.
Байқаудың нәтижесі бойынша барлық қатысушыларыға сертификаттар, жоба жетекшілеріне алғыс хат, ал жеңімпаздар мен жүлдегерлерге Ақмола облысы білім басқармасы басшысы атынан дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.