«Ақмола облысы білім басқармасының туризм, дене шынықтыру, алғашқы әскери және |
Коммунальное государственное учреждение «Центр туризма, физической культуры, начальной военной и технологической подготовки управления образования Акмолинской области» |
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының экология бағатындағы «Табиғат бесігі» бағдарламасын іске асыру аясында 2019 жылдың 04-05 сәуірінде Бурабай ауданы, Қатаркөл а. «Звездный» БСО-да облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі, өлкетануы және экологиясы орталығымен жас экологтар олимпиадасы өтті.
Олимпиаданың мақсаты: туған өлкесінің экологиялық-өлкетану проблемаларына жастардың назарын аудару; нақты аймақтық әлеуметтік-экологиялық проблемаларға қатысушылар белгіленген,әсіресе гидроэкология,ҚТҚ кәдеге жарату,қоршаған ортаны қорғау саласындағы ең жақсы бастамалар мен конструктивті шешімдерді көтермелеу: аудан (қала) экологиясы, адам экологиясы, табиғат экологиясы, СӨС, ақпараттық экология (вебэкология).
Олимпиаданың міндеттері: жасыл экономика қағидаларын енгізу; экологиялық мәдениетті қалыптастыру, оқушыларды зияткерлік экологиялық-өлкетанушылық өздік жұмысқа дайындау, оқушыларды ұжымдық шығармашылық, ғылыми-зерттеушілік және жобалық іске ынталандыру мен олардың шығармашылық ұжымда істеуге қажетті қабілеттерін қалыптасытыру; жас зерттеушілерді өз зерттеулерін тәжірибеде қолдануға бағдар беріп, қоғамдық маңызы бар және әлеуметке тиімді жобаларды, іс-шараларды, науқандарды іске асыру. дарынды зерек оқушыларды анықтау және оларға қолдау көрсету.
Ұйымдастырушылар:
Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі, өлкетану және экологиясы орталығы.
Олимпиадаға Көкшетау және Степногорск қалалары және Ақкөл, Бұланды, Бурабай, Біржан сал, Жақсы, Зеренді, Сандықтау, Целиноград аудандарының, Щучинск қ. жоғары педагогикалық колледжі, Көкшетау қаласының жоғары медициналық колледжі, Степногорск қаласының тау-кен техникалық колледжілерінің 71 оқушылары мен 27 жетекші қатысты.
Олимпиада екі кезеңнен өтті:
Біріншісі - 2019 жылдың 20 наурызына дейін - мектеп, аудандық кезең;
Екіншісі - 2019 жылғы 4-5 сәуір - облыстық кезең, жұмыстарды қорғау, экология бойынша теориялар мен тәжірибелік жұмыстарды орындау.
Компьютерлік презентациялар байқауы
І – Михайлев Артем, Денисов Даниил, Сандықтау ауданы
Гаранин Владислав, Степногорск қ., тау-кен техникалық колледжі
ІІ – Петрова Анастасия, Кольцова Олеся, Степногорск қаласы
ІІІ – Алимова Малика, Зеренді ауданы.
Жергілікті ақындар мен композиторлардың шығармалары бойынша жеке орындаушылардың және вокалды ұжымдардың байқауы
І – Сапар Аяулым,Назым Зеренді ауданы
ІІ – Бек Нұрсұлтан, Көкшетау қ., Красный яр ауылы
ІІІ –Әнәс Иманғазы, Біржан сал
Жобалық жұмыстар: экологиялық (танымдық) туризм,
әлеуметтік-экологиялық жоба
І – Моор Максим, Ақкөл ауданы
Гауэрт Артур, Кокшетау қаласы
Морозов Никита, Жақсы ауданы
ІІ – Яндуткина Карина, Зеренді ауданы
Бухат Аяжан, Целиноград ауданы
Шишкин Иван, Біржан сал
ІІІ –Евтушенко Кирилл, Кошель Егор, Сандықтау ауданы
Каиркенова Малика, Каиркенова Мадина, Степногорск қаласы.
Садовая Мирослава , Ақкөл ауданы
«Табиғат: сенің сұлулыққа көзқарасың» шығармаiылық жұмыстары
«Бейнефильм» ішкі номинациясы
І – Тукенова Адель, Сандықтау ауданы
ІІ – Омарова Дилара, Біржан сал
ІІІ – Яковлева София, Көкшетау қаласы
«Фотосуреттер, фотоколаждар» ішкі номинациясы
І – Каирбекова Наргиз, Цой Вероника Көкшетау қ., жоғары медициналық колледжі
ІІ- Садовая Мирослава , Ақкөл ауданы
ІІІ- Примакина Елизавета , Игнатенко Арина Степногорск қаласы
«Көркем әдебиет жұмыстары» (әңгіме, хикаят, эссе, очерк, репортаж, рецензия, өлең және т.б) ішкі номинациясы
І – Юдина Виктория, Көкшетау қаласы
ІІ – Балтабаева Рауана, Щучинск қ., жоғары педагогикалық колледжі
ІІІ – Қуаныш Ұлбосын, Көкшетау қ., жоғары медициналық колледжі
Жакенова Камила, Акқкөл ауданы
Барлық командаларға олимпиадаға және номинацияларға қатысқандары үшін сертификаттар, дипломдар мен естелік сыйлықтар берілді.