«Ақмола облысы білім басқармасының  туризм, дене шынықтыру, алғашқы әскери және
технологиялық дайындық орталығы»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение «Центр туризма, физической культуры, начальной военной и технологической подготовки  управления образования Акмолинской области»

 


Әлеуметтік желілердегі парақшаларымыз

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жастардың жылына арналған «Сақтаймыз және көбейтеміз!» атты «жасыл» науқаны

22.04.2019

«Еліңнің  ұлы болсаң, еліңе жанын ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық мемлекетінің нығайып көркеюі үшін еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі екеніңді ұмытпа» - деп Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев айтқандай,  Рухани жаңғырудың бір бөлімі  «Табиғат бесігі» кіші бағдарламасына арналған.  Әрбір азамат өз туған жерін, өскен ортасын бірінші орынға қоюы керек. Шама шарқынша өз туған  қаласының көркейіп, гүлденуіне  көмектесуі керек.

Ақмола  облысы  басқармасының жанындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі, өлкетану және экология орталығының қызметкерлерімен таза бейсенбі күні орталықтың жұмыс мекемесіне қарсы орналасқан гараж оқшауларын ағарту, аумақты қоқыстардан тазарту жұмыстары жүргізілді.

 Рухани жаңғыру бағдарламасын қолдай отырып, бүкіл қазақстандық ағаш отырғызу мерекесіне орай  облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі, өлкетану және экология орталығының ұйымдастыруымен  2019 жылдың 20 сәуірінде «Сақтаймыз және көбейтеміз!» атты «жасыл» науқаны аясында «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи саябағының мамандарымен бірге ағаш отырғызу шарасын өткізді. Сондай-ақ бұл шараға жоғары техникалық колледжінің студенттері (кураторы Ибраев Б.Қ.), жас туристер  (Калашинов Ж.Н.) мен жас геологтар (Алиев М.М.) үйірмесінің тәрбиеленушілері де белсене атсалысты.

Игі шараның мақсаты - жастарды ормандарды сақтауға, қалпына келтіру және көбейтуге, көшеттерді отырғызуға, қалалар мен ауылдарды көгалдандыруға тарту.

Көшеттерді отырғызуға арналған шұңқырларды дайындап, орталықтың қызметкерлері, мемлекеттік ұлттық табиғи саябағының мамандары,   студенттер, балалар қарағай көшеттерін отырғызып, суарды. Орталық отырғызылған көшеттерді суару және күту міндеттерін өз мойындарына алды.

Сонымен қатар, Көкшетау қаласының №6 орта мектеп-лицейінің ұжымы мен оқушылары орталық және саябақ мамандарымен бірлесіп өз алтын ұя мектептеріне 20 түп қайың ағашын отырғызып, ортақ іске  үлестерін қосты. 

Бұл науқан оқушыларды мектепті көркейту, көгалдандыру жұмыстарын жандандыру арқылы табиғатты сақтауға тәрбиелейді.

Бұдан әрі науқан Көкшетау қаласы, (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған №3  мамандандырылған мектеп-интернатында жалғасты. Педагогтар мен оқушылар шараға белсене қатысып, мектеп ауласына 20 түп шетен көшеттері отырғызылды.     

Аталмыш игі шараға  IT мектеп лицейінің мұғалімдері мен оқушылары да облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі, өлкетану және экология орталығының және «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғат саябағының мамандарымен бірге 20 түп  шаған ағашын отырғызды. Балалар ағаштарды отырғызуға бірінші рет қатысып, қызықты әсерлерімен бөлісті.      
           Жыл сайын облыстың барлық білім беру мекемелері (балабақша, мектептер, қосымша білім беру мекемелері, т.б.) осы науқанға белсене қатысады.

Көгалдандыру науқанында мектептерге отырғызуға ағаш көшеттерімен көмек көрсеткені үшін «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы мен жоғары орман шаруашылығы, экология және туризм колледжінің басшылығына алғысымызды білдіреміз!                    

 Бұл науқан облыстың басқа да білім беру мекемелерінде жалғасатын болады.

 

  

 

Просмотров: 592


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст