«Ақмола облысы білім басқармасының туризм, дене шынықтыру, алғашқы әскери және технологиялық дайындық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
![]() |
Коммунальное государственное учреждение «Центр туризма, физической культуры, начальной военной и технологической подготовки управления образования Акмолинской области» |
Іс-шараның негізгі мақсаты: балалар мен жасөспірімдерді дене шынықтыру және спортпен жүйелі шұғылдануға жаппай тарту.
Ұйымдастырушы Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі, өлкетану және экология орталығы.
Жарыс Атбасар қаласының «Олимп» дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің алаңында өтті, оған 60 спортшы, 5 команда қатысты.
"Ойын қызу, қызықты өтті. Ойын барысында балалар ептілік, тез әрекет ету және спорттық шыдамдылық танытты", - деп атап өтті орталық директоры А. Г. Өмірзақов.
Қызықты футбол матчтарының нәтижесінде жеңімпаздар анықталды:
1 орын– ВМКГЗ, Кокшетау қ.;
2 орын - КВКПК им. Ж. Мусина, г. Кокшетау қ.;
3 орын - ВПК Щучинск қ..
Жүлдегерлер медальдармен, грамоталармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.
Құттықтаймыз!