«Ақмола облысы білім басқармасының  туризм, дене шынықтыру, алғашқы әскери және
технологиялық дайындық орталығы»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение «Центр туризма, физической культуры, начальной военной и технологической подготовки  управления образования Акмолинской области»

 


Әлеуметтік желілердегі парақшаларымыз

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жастардың жылына арналған «Сақтаймыз және көбейтеміз!» атты «жасыл» науқаны

24.04.2019

      Қазіргі уақытта экологиялық білім берудің жетекші міндеттерінің бірі қоршаған ортаға жауапты қарым-қатынасты қалыптастыру болды. Оны шешу үшін тек теориялық сабақтарды ғана емес, сонымен қатар практикалық қызметті ұйымдастыру талап етіледі, оның барысында біз табиғатта дұрыс мінез – құлық дағдысы мен дағдысын меңгеруді үйренеміз, жақын маңдағы табиғи ортаның - ауланың, көшенің қоршаған ортасының жай-күйін бағалауды үйренеміз; табиғат байлығы мен сұлулығын сақтауға және жақсартуға өз практикалық үлесімізді қосамыз. Бұл бағыттағы қызметтің ең қызықты аспектісі мектеп ауласы мен мектепке жақын орналасқан аумақты абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарына қатысу болып табылады.

      Жастардың жылына арналған «Сақтаймыз және көбейтеміз!» атты «жасыл» науқанындағы эстафета  Жақсы ауданында да қолдау тапты.

      23 сәуір күні Жақсы ауданында «Сақтаймыз және көбейтеміз!» атты «жасыл» науқаны аясында Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі, өлкетану және экология орталығы директорының орынбасары Толуспаева Лейла Кенжебайқызы, әдіскер Утебаева Жұлдыз Тұрсынбекқызы осы шараға қатысып қайтты.

      Жақсы ауданының «Жас натуралистер станциясының» жас ұландары Қ.Ш.Өскенбаев атындағы Қима орта мектебінің аумағына 20 түп мамыргүл отырғызды. Жас натуралистер тақырыптық жиналыс пен жылыжайға экскурсия өткізді. Өздерінің жобалары туралы айтып, жетістіктерімен бөлісті. «Жас натуралистер станциясының» жетекшісі Ирина Сергеевнаға алғыс хат тапсырылды. Сондай-ақ, былтыр отырғызылған  терек ағаштардың жақсы тамыр тартып өскенін көрдік.

      «Дән» және «Құлыншақ» бала-бақшаларында 30-ға жуық мамыргүл, акация, қарақат көшеттері отырғызылды. Бұл шараға балақайлар, балабақшаның педагогикалық ұжымы мен ата-аналар қоғамы да қатысты. №2 Жақсы орта мектебінде 15 алма ағаштары отырғызылды. Мектептегі «Рухани жаңғыру» кабинетінің менеджерлерімен кездесу өтті. Кездесуде оқушылар «жасыл» науқан және жоба туралы өз ойларын ортаға салды. Шара соңында Лейла Кенжебаевна «Табиғат бесігі» жобасын іске асыруда елеулі үлес қосқаны үшін Жақсы ауданы білім  бөлімінің басшысы Саутова Ақжарқын Сұлтанқызына алғыс хат тапсырды.

       Енді жас ағаштарға күтім қажет. Бұл тұрақты құрметті міндет оқушыларға жүктелді, өйткені, туған өлкені, елді мекендерді көгалдандыру жас ақмолалықтардың патриоттық қасиеттерінің маңызды көрінісі болып табылады.

         

Просмотров: 628


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст